{metadescription}
Қарағандыда саудагерлер жалдау ақысының көтерілгеніне наразы
Қарағандыда саудагерлер жалдау ақысының көтерілгеніне наразы

Қарағандыда саудагерлер жалдау ақысының көтерілгеніне наразы

Қарағандының орталық базарында саудагерлер шу шығарды. Олар жалдау ақысының көтерілгеніне наразы. Себебі: басшылық бізді қысқан сайын, тауар құны қымбаттап, тұтынушылардың қалтасын қағады дейді.

Мухаммадризо Шариф, кәсіпкер:

- Әркім арқалай жалдау ақысын төлейді. 100, 300, 400 мың. Біздікі 631 мың ең көбі. Ұнамаса, Алматыға кет немесе Астанаға бар дейді. Мен қалай кетемін? Бір басымда екі несием бар. Аяқ киім сатамын. Соңғы үш күнде үшақ аяқ киім өтті. Ал бүгін 680 мың жалдау ақысын төлеуім керек.

Саудагерлер орталық базардағы баға тым қымбат, орынды жалдау ақысы ақылға қонымсыз дейді. Шығынды жабу үшін тауар құнын екі, үш есеге қымбаттатуға мәжбүр. Ал базардағы қызмет көрсету сапасы нашар деп налыды. Көлік тұрағы мен әжетхана да ақылы. Мереке күндері жалдау ақасы екі есе көтеріледі екен. Осының барлығы тауар бағасына әсер етуде. Саудагерлердің арызын тыңдаған базар басшылығы мәселені ақылдасып шешеміз дейді.

Никита Горбач, базар басшысы:

Орынды жалдау ақысын 10 пайызға көтеріп, барлық сауадегрлермен келісімшарт жасастық. Онда бәрі жазылған. Наразылық білдіру, келіспеу әркімнің құқығы. Саудагерлерге жеңілдік жасау жағын ойластырып, бәрімен жеке отырып сөйлесеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.