{metadescription}
Кинотеатрларда —  Еркін Рақышевтың «Бақытыңды аяла» фильмі
Кинотеатрларда —  Еркін Рақышевтың «Бақытыңды аяла» фильмі

Кинотеатрларда — Еркін Рақышевтың «Бақытыңды аяла» фильмі

«Бақытыңды аяла». Отандық тағы бір туынды көрерменге жол тартты. Үнемі әлеуметтік мәселе мен махаббат хикаясын таспалайтын Еркін Рақышевтың бұл жолғы еңбегі де романтикалық оқиғаға негізделген. Картина сезім бар жердегі төзім және ғашықтар машахатын суреттейді.

Фильм бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіле бастады.

Картинаның желісіне пандемияның өршіген тұсы арқау болған. Сол сәтте алты құрлыққа ауыз салған коронавирусты ауыздықтау ешкімге де оңайға соқпады. Режиссер кезекті туындысына дәл осы қиын-қыстау тұстағы ыстық махаббатты, мейірімділік пен қайырымдылықты көрсеткісі келген екен. Яғни екі ғашықтың хикаясын жеткізе отырып, бүкіл қоғамның мәселесін көтеруге тырысыпты.

Еркін Рақышев, режиссер:

- Кинода нені айтқым келеді? Бұл қазіргі уақытта мына халыққа, қоғамға жетіспей жатқан нәрсе мейірімділік. Жақсы қасиеттер жетіспей жатыр. Көріп отырмыз6 күнделікті әлеуметтік желіден, басқа нәрселерден, қоғам азғындап бара жатыр. Оны күнде көріп жүрміз. Мына кішкентай балаларға дейін, қыздарға дейін бірбірін ұрып-соғып, аузына келген жаман сөздерді айтып, сондай болып кетті. Біздің қазаққа жат қылық. Енді біз ұлттық құндылықтарымызды қайтаруымыз керек.

Фильмде басты кейіпкер Қуат инфекциялық госпиталға ерікті болып жұмысқа орналасады. Сөйтіп ауыр халде жатқан қызды жасанды дем беру арқылы өмірін өлімнен арашалайды. Алайда арадағы махаббат сезімі екеуінің кездейсоқ кездесуінен кейін тұтанады. Осы кезде ғашықтық пен қоса тағдырдың тәлкегіне тап болған жұптардың шым-шытырық оқиғасы суреттелмек.

Меруерт Нұрадинова, актриса:

- Басты кейіпкеріміз бұнда Аружан қызымыз. Мен соның анасы болып ойнаймын. Басты кейіпкер Қуат бала өзінің досының қателігін мойнына алып, өзі істі болып кетеді. Ал оны Аружан басқаша ойлап, оны күтіп жүреді. Ол бір жылдай жоқ болып кетеді. Мен үшін, керісінше, өте қызық болды. Біздің Еркін ағаның түсірілім тәсілі өте оңай. Өте керемет болды, маған ұнады, команда да ұнады.

Актерлік құрамның басым бөлігі жастар. Бұл режиссердің әдеттегі басты ұстанымы. Яғни өнер ордасын енді бітірген студенттердің жалынын оятып, жұлдызын жағумыз керек деп есептейді. Жалпы түсірілімге жарты жылдай уақыт кетіпті. Ендеше күнделікті комедиядан жалықсаңыз, бақытыңды бағалауды түсіндіруге тырысқан фильмді тамашалаңыз. Картина бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрынан көрсетіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде