{metadescription}
Ақтөбеде үй өртеніп, екі бала ажал құшты
Ақтөбеде үй өртеніп, екі бала ажал құшты

Ақтөбеде үй өртеніп, екі бала ажал құшты

Ақтөбеде жер үй өртеніп, екі бала ажал құшты. Төрт жасар қыз бен оның 10 жасар ағасының денесін құтқарушылар үйінділердің арасынан тапқан. Қызыл жалын күш алғанда балалар шеткі бөлмеде шырт ұйқыда жатыпты.

Қаланың шеткі ауданында орналасқан үйлердің бірінен от кеше түнгі төрт шамасында тұтанған. Сол кезде баспана ішінде балалардың анасы мен ата-әжесі бая-ағы бес адам болыпты. Лапылдап жанған жалынды көрген көршілер бірден өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметін шақыртқан. От 40 шаршы метрді шарпыған. Айналдырған бір сағаттың ішінде ас үй, үйдің кіреберісі мен шатыры күлге айналған. Өкінішке қарай шеткі бөлмеден шыға алмай қалған ағасы мен оның қарындасын құтқару мүмкін болмапты. Ал, денесін күйік шалған 69 жастағы зейнеткер қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Ұл-қызынан айырылған әйелдің жағдайы да өте ауыр. Оған ыс тиген.

Айбат Жанабергенов, Ақтөбе ТЖБ бастығы:

- Өрт сөндіруге жеке құрамның 16 адам және 3 арнайы техника жұмылдырылды. Өрт 04.41-де оқшауланып, 04.49 минутта толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталsg жатыр. Қазір Ақтөбе қаласы төтенше жағдайлар басқармасы өрт қауіпсіздігін, қарапайым қағидаларды сақтауға шақырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде