{metadescription}
Ақтөбеде екі әйел биік үйден секіріп өлді
Ақтөбеде екі әйел биік үйден секіріп өлді

Ақтөбеде екі әйел биік үйден секіріп өлді

Ақтөбеде екі әйел он сегіз қабатты үйден секіріп мерт болды. 31 және 56 жастағы марқұмдардың өмірден баз кешуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Оқыс жағдай қаланың қақ ортасындағы 25 қабатты «Ақтөбе ажары» тұрғын үй кешенінде болды. Суицидке барушылар осы жерге үйір. Екі әйел де кешеннің он сегізінші қабатына көтеріліп, оның балконынан секірген. Біреуі төменде тұрған көліктің үстіне құлапты. Марқұмдардың бір-бірін қалай танитыны, туыстық қатынасы бар ма, ол жағы да белгісіз. Екеуінің қосақтасып секіруіне не себеп болғанын тәртіп сақшылары анықтап жатыр.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Үйге кіретін есіктің алдында екі әйелдің денесі табылды. Полицейлер мәйіттердің жеке басын анықтады. 31 және 56 жастағы әйелдер екені анықталды. Тергеу басталды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде