{metadescription}
Алатау бөктеріндегі жер мен құрылысқа қатысты тергеу басталды
Алатау бөктеріндегі жер мен құрылысқа қатысты тергеу басталды

Алатау бөктеріндегі жер мен құрылысқа қатысты тергеу басталды

Жерлерді заңсыз бөліп, жарты миллиардтан астам теңге бюджетке түспеген. Президент пәрменінен кейін антикор Алматының тау бөктеріндегі бөлінген жер мен салынған құрылыс бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Белгілі болғандай, шенуніктер бас пайдасы үшін заңбұзушылыққа барыпты.

Таудың етегі мен экологиялық аумақтағы жүздеген  учаскенің пайдалану мақсаты өзгертіліп сатылып кеткен. Оңтүстік астанада 2017 жылдан бері осындай 900-ден астам дерек тіркелген. Бірақ бұл тек басы ғана.

Алатау бөктеріндегі оңтүстік астана нағыз туризмге қолайлы қала. Бірақ шеуніктер бұған да басын сұғып үлгеріпті. Антикордың мәліметінше, 2017 жылдан бастап жаппай демалуға және туризмге арналған аймақтан тұрғын үй салуға бақандай 286 гектарға жуық жер заңсыз бірелген.

Арман Тілеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Бұл өзгерістер экологтардың, СЭС пен өрт сөндірушілердің келісімінсіз жүзеге асырылды. Қоғамдық тыңдаулар өткізілмеді. Сонымен бірге қолданыстағы бас жоспар 2011 жылы өзектілігін жойды, ал жаңасы әлі бекітілмеген.

Мәселен, мына үйлерді дәл жардың астына салыпты. Мұнда тақалып тұру ғана емес, жаңбырлы күні жүрудің өзі қорқынышты. Өйткені тас аралас топырақ кез келген уақыт сырғып түсіп, нысанды бір пәсте басып қалуы мүмкін.

Антикордың мәліметінше, Алматыда 5мыңға жуық нысан тасқын, көшкін және сел қаупі аймағында орналасқан. Ал мұндай үйлерде 26мыңнан астам адам тұрады.

Төбеден төменге қарай тастардың домалай бергенінен жер иелерінің мазасы ғана емес, өзі де қашқан сияқты. Кейбір учаскелер сатылымда тұр. 

Ұлан Жұмаев, «Қазселденқорғау» ММ Алматы филиалының бөлім басшысы:

- Қыста қар көшкіні, көктемкүз айларында сырғыманың қауіпті кезеңі, жазда селдің қауіпті кезеңі. Қазір сырғыма кезеңінде жұмыс істеп жатырмыз. Алматы қаласы бойынша тіркелген 145 учаске бар, сырғымаға қауіпті. Селдің қауіпті кезеңінде Алмарасан, Медеу шатқалындағы бүкіл демалыс орындарының бәрі сел қаупі бар аймақта тұр.

Сондай-ақ кейбір пысықайлар тіпті тауды қопарып, 100 мың текше метр топырақты шығарып тастаған. Орнын тегістеп, жерді 50 учаскеге бөліп сатпақ болыпты. Мұндай заңбұзушылықтың 26 фактісі анықталған.

Арман Тілеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Жердің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсыну процесінің ашықтығы мен бақылаудың болмауы сыбайлас жемқорлық практикасына алып келеді.Алдымен Бас жоспарға сәйкес келмеу және сейсмикалық және су қорғау аймақтарында болу сылтауымен бас тартады. Кейінірек сол учаскелер бойынша өзгертуге келісім беріледі.Осындай 900-ден астам факт анықталды. Мысалы, қала тұрғынына учаскелердің нысаналы мақсатын өзгертуге бас тартылып, бірақ біраз уақыттан кейін оларға рұқсат берілді. Бұл ретте оның учаскелерінің бірі әкімдіктің лауазымды тұлғасының туысына аударылған.

Бас пайдасын ғана ойлаған шенеуніктердің кесірінен соңғы үш жылда нысаналы мақсаты өзгертілген кезде кадастрлық құн айырмасы үшін 500 млн теңгеден астам төленбеген.

 Айта кеткен жөн, алматылықтар тау бөктеріндегі құрылысты тоқтатуды біраздан бері талап етіп келеді. Өйткені құрылыс компаниясы жеке үй салыну керек болған жерлерге көппәтерлі тұрғын үй кешенін салып тастайды. Оларға не мектеп, не емхана қарастырылмаған. Осы және өзге де заңбұзушылықтар бойынша енді қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Агенттік лауазымды тұлғалардың жауапкершіліккке тартылатынын жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде