9 мамырда әскери шеру өткізілмейді
Жеңіс күнінде әскери шеру болмайды. Салтанатты шара біздің елде осымен төртінші жыл қатарынан өткізілмейін деп отыр.
Автор: Айғаным Достанбай
24.04.2023
Қорғаныс министрлігі бюджет қаражатын үнемдеу үшін осындай шешім қабылдаған. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі мәлімдеді. Хабарламада министрліктің өзге де қордаланған мәселелерді шешуге ден қойып отырғаны, сондай-ақ Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігіне көңіл бөлетінін айтқан.
Дегенмен бұл Жеңіс күні мүлдем елеусіз қалады деген сөз емес. Әскери-патриоттық іс-шаралар өткізіліп, ерекше қасиетімен көзге түскен әскери қызметкерлер марапатталады.
Мемлекет басшысының да алдағы мереке күндеріндегі жұмыс кестесі тығыз. Президент 5 мамырда бүкіл армия кеңесін өткізсе, 9 мамырда Астанада Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарға тағзым етеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!