{metadescription}
Ақтөбе облысында ірі жол апатынан үш адам көз жұмды
Ақтөбе облысында ірі жол апатынан үш адам көз жұмды

Ақтөбе облысында ірі жол апатынан үш адам көз жұмды

Ақтөбе облысында ірі жол апатынан үш адам қаза тапты. Оқыс жағдай Хромтау ауданындағы Жазық ауылының маңында болған.

ВАЗ көлігі мен Тойота бетпе-бет соқтығысқан. Ресейде құрастырылған техниканың тас-талқаны шығып, алдыңғы бөлігі жапырылып қалыпты. Ішінде отырған үш жолаушы сол жерде көз жұмды. Ал тізгіндегі азамат ауруханада жатыр. Тойотаның жүргізушісі дін-аман. Оның көлігі соққыдан жол жиегіне ауып кеткен. Қазір тәртіп сақшылары қай жүргізушінің ережені бұзып, қарсы жолға шығып кеткенін анықтап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.