{metadescription}
Үйқамақтан қашып кеткен “Таразэнергоорталығының” экс-басшысы әлі ұсталған жоқ
Үйқамақтан қашып кеткен “Таразэнергоорталығының” экс-басшысы әлі ұсталған жоқ

Үйқамақтан қашып кеткен “Таразэнергоорталығының” экс-басшысы әлі ұсталған жоқ

“Таразэнергоорталығының” экс-басшысына қатысты сот үкім шығара алмай отыр. Өйткені үйқамақтан қашып кеткен күдікті әлі ұсталған жоқ. Судья Бақберген Мәуленовтің шетел аспағанына сенімді.

Айдарбек Замбаев, судья:

- Сырттай үкім шығару мүмкін бе? Жоқ, сырттай үкім шығарылмайды. Ол Қазақстаннан шыққан жоқ. Шыққаны жөнінде мәлімет жоқ. Елде. Оған қатысты іс бөлектеніп, іздеу жаряланды. Ол орындауға жолданды, ол ұсталған кезде іс келіп түседі

Жалпы саны 9 адам жылу тарату мекемесінің қаражатын талан-таражға салды деп айыпталған. Басты фигурант Бақберген Мәуленов қашып үлгергенімен, қалған сегіз адамға сот үкім кесті. Алды 9, соңы 3 жылдан жаза арқалады. Ең ұзақ мерзімге Мәуленовтың ұлы сотталды. Ұйымдасқан топ бірнеше компания арқылы жалған құжаттар әзірлеп, мекеменің 3 миллиард теңгеге жуық қаражатын иемденген. Арасында Мәуленовтың баласы Рахат Бөлдештің фирмасы да бар. Ол қалтаға басқан қаражаттың шамамен жартысын қайтарыпты. Дегеменмен жазасы жеңілдей қоймады. Сотталушылардың бәрі сот үкімімен келіспейді. Олар апелляциялық шағым түсіруі мүмкін. Айта кетейік, осы іске басы шатылғандардың арасында әкелі балалы үш отбасы бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде