{metadescription}
Астанада ер адам кранның ұшар басына шығып алған
Астанада ер адам кранның ұшар басына шығып алған

Астанада ер адам кранның ұшар басына шығып алған

Астанада белгісіз ер адам тапа-тал түсте кранның басына шығып алды. Оның не үшін мұндай амалға барғанын полиция департаменті тексеріп жатыр.

Ашық ақпарат көздерінде мәлім болғандай, жер дауына қатысты соттың шешіміне наразы болған азамат темір техниканың үстіне шығып әділдік талап етпекші болған. Нақтырақ айтсақ, ол өзіне тиесілі жер телімін 2002-ден 2051 жылға дейін кәсіпкерге жалға беріп, осы аралықта табысының 10 пайызын алып тұруға келіскен. Алайда алғашқы күннен бастап бизнесмен бұл шарттың талабынан жалтарған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары кранның төбесінен ер-азаматты аман-есен түсіріп алды. Қазір полиция істің жай-жапсарын тексеруде. Өз өміріне қауіп төндіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамның қандай жазаға тартылатыны әзірге белгісіз. Таяуда ғана осы сынды әрекетке барған елордалық тұрғын бес тәулікке қамалған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде