{metadescription}
Оралда кіндігі енді кесілген шақалақты қоқысқа лақтырып кеткен
Оралда кіндігі енді кесілген шақалақты қоқысқа лақтырып кеткен

Оралда кіндігі енді кесілген шақалақты қоқысқа лақтырып кеткен

Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды. Кіндігі енді кесілген шақалақты целлофан пакетке салып лақтырып кетіпті. Көп ұзамай, өз баласынан жерінген жас ана да ұсталған.

Нәрестені қала шетіндегі жер үйлердің қоқыс жәшігінен сол маңда тұратын тұрғындар тауып алған. Олар алғашқыда пысылдаған дауысты естіп, мысық болар деп ойлаған. Пакетті ашқанда өз көзіне өзі сенбеген. Ұл баланың бойы 52 сантиметр, салмағы үш келі. Ауруханаға жеткізгенде сәби тым әлсіз болған. Дәрігерлер шақалақтың айы-күні жетіп туылғанын айтып отыр. Тек қоқыста жатып суық тиген. Онымен қоса, дұрыс ауа да жетпеген. Бірақ қазір жағдайы жақсарыпты. Енді он шақты күн ауруханада емделіп, одан кейін қайда тәрбиеленетінін қамқоршылық кеңесі шешетін болады.

Мақсат Оразбаев, БҚО көпбейінді балалар ауруханасының директоры:

- Балаға қазір алдын ала екі жақты пневмония диагнозы қойылған. Одан кейін ми гипоксиясы, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы деген диагноз қойылып отыр. Соған байланысты ем алып жатыр. Бүгінгі күні баланың жағдайы бірқалыпты. Дене қызуы қалыпқа келді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.