{metadescription}
Министр IMEI-код жинағын кеден қызметімен біріктіруді ұсынды
Министр IMEI-код жинағын кеден қызметімен біріктіруді ұсынды

Министр IMEI-код жинағын кеден қызметімен біріктіруді ұсынды

Ұялы телефондардың заңсыз импортының кесірінен бюджет миллиардтардан қағылған. Елімізге 3 миллион 700 мың байланыс құралы осылай заңсыз жолмен жеткізіліпті.

Соның салдарынан бюджет жыл сайын 100 млрд теңгеден астам түсімді жоғалтып отыр дейді цифрлық даму министрі. Бағдат Мусиннің мәліметінше, елдегі ұялы байланыс компанияларының дерекқорында сәйкестендіру коды, көпшілікке түсінікті тілмей айтқанда "Имей" кодтары бірдей 3 млн-нан астам абонент бар. Әсіресе бұл жағдай құқық қорғау органдарының жоғалған ұялы телефондарды іздеуіне, бұғаттауына кедергі тудырып келеді дейді министр. Мәселенің шешімі ретінде ведомство басшысы "Имей" кодтардың жинағын кеден қызметімен біріктіруді ұсынып отыр.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Министрлік сәйкестендіру кодтарының дерекқорын кеден қызметінің жүйесімен интеграциялауды және абоненттерді тіркеу кезінде биометрияны қолдануды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ұрланған телефондардың IMEI кодтарын тексеруге болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде