{metadescription}
Әлихан Смайылов: Желі тартып беретін кезеңнен өттік, қазір адамдар интернет сапасына қарайды
Әлихан Смайылов: Желі тартып беретін кезеңнен өттік, қазір адамдар интернет сапасына қарайды

Әлихан Смайылов: Желі тартып беретін кезеңнен өттік, қазір адамдар интернет сапасына қарайды

Байланыс операторлары интернет сапасына көңіл бөлуді қойған. Оларға инвестицияға қосымша қаражат құйғаннан гөрі, министрлік салған айыппұлды өтей салған оңай. Үкіметте бүгін ғаламтордың сапасын сөз қозғалды.

Бүгінге дейін бірнеше бағдарлама әзірленіп, бюджеттен есепсіз сома тартылғанымен, көзге көрініп тұрған нәтиже жоқ. Жыл басынан бері Үкімет үйіне тұрғындардан 5 мыңға жуық талап-арыз келіп түскен. Дені интернеттің сапасына қатысты. Ал соған қарамастан, байланыс операторларының тарифі қымбаттаған үстіне қымбаттай түсуде.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:

- Мобильді интернетке қызмет көрсету байланыс операторларының міндетіне неге кірмейтіні мүлдем түсініксіз. Интернет сапасы мен жылдамдығын өлшейтін құрал жоқ. Инспекцияның өзі жол бойындағы және елдімекендердегі интернет жылдамдығын өлшей алмайды. Бұл проблеманы шешу керек. Қазір адамдар бірінші кезекте интернет сапасына қарайды. Жай ғана желі тартып беретін кезеңнен өттік.

Цифрлық даму министрлігі тағы бір жаңа ұлттық жобаны пысықтауда. «Қолжетімді интернет» деп аталатын бағдарлама бойынша республикалық маңызы бар қалалармен қатар, облыс орталықтары да кемі 100 Мбит/с жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етіледі. Осы мақсатқа шамамаен 560 миллиард теңге бөлуді сұрап отыр жауапты министрлік. Әлихан Смайылов ұлттық жобаның шикі тұстарын жетілдіріп, тезірек Президент әкімшілігіне ұсынуды тапсырды. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин жылдың аяғына дейін қалалардағы интернеттің жылдамдығы едәуір жақсарады деп сендірді.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Аймақтардағы жергілікті әкімдіктер бізге жер телімдерін ұсынып жатыр. Операторлар сол жерлерге желілерін орналастырып жатыр. Астанада 67 орын нақтыланған. Басқа қалаларда да осындай. Барлық қалада биыл интернет жақсарады дейді министр. Оның айтуынша, биыл Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында 5G енгізу жоспарланған. "2027 жылға қарай әрбір республикалық маңызы бар қала 75 пайызға, ал облыс орталықтары 60 пайызға қамтылады

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде