{metadescription}
Ақтөбе облысында үш ауыл жарты ай жарықсыз отыр
Ақтөбе облысында үш ауыл жарты ай жарықсыз отыр

Ақтөбе облысында үш ауыл жарты ай жарықсыз отыр

Ақтөбе облысында үш ауыл екі аптадан бері жарықсыз отыр. Себебі: 15 күн бұрынғы дауылда қирап қалған электр бағаналарын мамандар қалпына келтіріп үлгермей жатыр.

Тұмалыкөл, Жаныс би мен Шеңбертал ауылдары жарықтың жоқтығына үйреніп қалған сияқты. Мұнда қазір май шамға сұраныс артып тұр. “Қайта жаз шығып, күннің ұзарғаны жақсы болды” - дейді тұрғындар. Бесқонақтың дүлей дауылы үш ауылдың жетпістен аса электр бағанасын құлатып кеткен. Әр ауылға 12 электрик-монтердан тұратын қос бригада жіберген. Электр сымдарын тарту жеңіл болғанымен, құмды жерге бағана орнату қиынға соғып жатыр. Бірер күнде үш ауыл толық жарыққа қосылады деп сендірді шенеуніктер.

Нұрберген Бекеев, Ақтөбе облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы:

- Бірден тұрғыза алмайды ғой. Ол бір күнде істеп тастайтын жұмыс емес. Материал жеткізеді, бағанасын тұрғызады. Рұқсат алуы керек деген сияқты. Әлеуметтік нысандар генератормен отыр. Ал халық жарықсыз отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.