{metadescription}
Атырауда қызылша ауруы шыққан мектептегі екі сынып карантинге жабылды
Атырауда қызылша ауруы шыққан мектептегі екі сынып карантинге жабылды

Атырауда қызылша ауруы шыққан мектептегі екі сынып карантинге жабылды

Атырауда бір мектептің үш оқушысынан жұқпалы қызылша ауруы анықталды. Науқастардың екеуі бір сыныпта оқиды. Қазір екі сынып та карантинге жабылып, оқушылар онлайнға ауыстырылған. 

Жұқпалы дертке шалдыққан балалар Атырау қаласына қарасты Жаңаталап ауылындағы мектепте оқиды. Олар үшінші және бесінші сынып оқушылары. Санитар дәрігерлер ауру жұқтырған балалардың үшеуі де қызылшаға қарсы екпе алмаған дейді. Қазір екі сыныптың оқушылары түгел қашықтан оқуға жіберілді. Ал мектепке дезинфекция жасалып жатыр. Сондай-ақ қызылшаға қарсы вакцина алмаған балаларды жаппай егу басталыпты. Атырау облысында наурыз айынан бері қызылшамен ауырған 15 адам тіркелген.

Мәдениет Танауов, Атырау облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің басшысы:

- Қазір екпен алған-алмағаны анықталып жатыр. Екпе алмағандар 72 сағатта алуы тиіс. Жақын байланыста болғаннан кейін ауру дәлелденді ғой. Сондықтан сол шара қазір мектепте жүріп жатыр. Одан бөлек, мейірбикелер күнде балаларды қарап тұруы керек. Вакцинация жасамайтын болса, бұл ауру тез кетпейді. Және де дене қызуы көтерілгенде жедел дәрігерге жүгінуі керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде