Көкшетауда зират маңынан адамның сүйектері табылды
Көкшетауда ескі зират маңынан қапшыққа салынған адам сүйектері табылды. Оны сол маңды жинастырып жүрген тұрғындардың бірі көріп қалған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
25.04.2023
Бұл қорымға қазір адам жерленбейді. Бірақ тұрғындар туыстарының мазарын тазалауға келіпті. Осы сәтте бір әйел ағаш арасында жатқан қапшықты ашып қараған. Сөйтсе ішіне адамның басы мен өзге де сүйектер салынған екен. Зәресі ұшқандар бірден полицияға хабарлапты. Қазір тәртіп сақшылары сараптама жасап, қаңқаның кімге тиесілі екенін анықтап жатыр.
Әсем Әбдірахманова, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі:
- Көкшетау полиция бөліміне хабар жетісімен, жедел тергеу тобы оқиға орнына барды. Қазір қапшыққа салынған сүйектер сотмедициналық сараптамасына жіберілді. Сараптама қорытындысы дайын болғаннан кейін ғана процессуалдық шешім қабылданады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!