{metadescription}
«Арманшыл» атты кинофестивальге балалар туындысы қабылданып жатыр
«Арманшыл» атты кинофестивальге балалар туындысы қабылданып жатыр

«Арманшыл» атты кинофестивальге балалар туындысы қабылданып жатыр

Арманыңды іске асыр. Алматыда жас киногерлер байқауына өтініш қабылдау жалғасып жатыр. «Арманшыл» атты кинофестивальге балалар өзі түсірген әлеуметтік ролик, қысқаметражды фильмдерін маусымның біріне дейін жібере алады.

Жасөспірімдер арасындағы дода елімізде осымен төртінші жыл қатарынан халықаралық деңгейде ұйымдастырылып жатыр. Оған республикамыздың қала және ауыл-аймағынан бөлек, шет мемлекеттерден де үміткерлер қатысуға ниет білдірген.

 Бүгін көрсетіліп жатқан бейнероликтер жастардың тың туындылары. Яғни ұйымдастырушылар өткен жылдары сайыста оза шауып ең үздік шыққан 15-ін жұртшылыққа тағы бір ұсынуды жөн санапты.

 Кішкентай киногерлер әлеуметтік мәселе, зорлық-зомбылықтан бастап, қоғамдағы өзекті деген тақырыптарды өз еңбегіне арқау еткен. Мән-мағынасы да терең. Осы орайда ұйымдастырушылар жобаның биылғы аламанына өтініш қабылдау ашық екенін айтады. Болашақта кино саласының үздігі болуды армандайтын жеткіншектерге де мол мүмкіндік дейді. 

Айғаным Әліпова, «Арманшыл» балалар-жастар кинофестивалінің ұйымдастырушысы:

- Кинофестивальдің басты мақсаты – балаларды шығармашылық қолдау. Киноға қызықтыру. Қазір бәрінде телефон бар ғой. Әртүрлі дүниені түсіреді. Ал ол түсірген дүние шедевр болуы мүмкін. Баланың қабілеті бағаланады. Сондықтан бұл жердегі материалдық мүмкіндік, оған қанша қаржы кетті. Қандай техника қолданды бұл аса маңызды емес. Ауылаймақтан да жіберді ғой, сапасыз бейне болса да, бірақ оның айтар ойы бар.

Жобаның міндеті мен талаптары да жеңіл.  17 жасқа дейінгі киноны, түсірілімді жақсы көретін және өз өмірін осы өнер түрімен байланыстыруды армандайтын жастар өз жұмысын жібере алады. Яғни жоба жеткіншек режиссерлерді, мультипликаторларды, операторларды, актерлерді, дыбыс инженерлерін және суретшілердің басын біріктіреді. Сондай-ақ былтыр қатысқан қатысушылар биыл да бағын сынауға болады.

Александр Дубовик, «Арманшыл» балалар-жастар кинофестивалінің қатысушысы:

- Бұл кинофестивальдің мен үшін орны ерекше. Әр жыл сайын өзіме жаңа бір идея мен мықты мотивация аламын. Осында танысқан әр адам менің өмірімнің өзгеруіне үлкен үлес қосқан жандар. Тіпті байқаудың арқасында болашақта қандай мамандық таңдайтынымды да шешіп қойдым. Кино режиссері боламын.

Ережеге сай, қатысушылар цифрлы технологияның көмегімен түсірілген 30 минутқа дейінгі қысқаметражды фильмдерін ұсынуы тиіс. Яғни деректі фильм, әлеуметтік жарнама, көркем фильм, видео арт-бейнеролик, анимация, музыкалық клип, stop-motion-видео сынды еңбектер жарамды. Қазірдің өзінде фестивальдің арнайы сайтына 35 елден 350-ге жуық өтініш келіп түскен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде