{metadescription}
Орал: Өртенген гараждан үш адамның мәйітін алып шықты
Орал: Өртенген гараждан үш адамның мәйітін алып шықты

Орал: Өртенген гараждан үш адамның мәйітін алып шықты

Оралда үш адамның өмірін жалмаған өрттің себебін әлі анықтаған жоқ. Қазір оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр.

Кеше кешкі сағат тоғыз шамасында саябақ маңындағы жеке үйге тиесілі гаражда алапат өрт болып, ішінен үш адамның мәйіті табылды. Олар лезде күш алған жалынның құрсауында қалып қойған. Абырой болғанда мұндағы газ баллондары жарылмай қалған. Төтеншеліктер дер уағында сыртқа шығып үлгерді. Әйтпесе жойқын жарылыс болып, өзге нысандарға да едәуір зақым келуі мүмкін еді. Қаза тапқандардың бірі 41 жастағы әйел. Ол гаражды жалға беруші. Қалған екеуі 26 мен 21 жастағы ер адам. Біреуі машина жөндеуші, екіншісі көліктің иесі деген болжам бар. Жөнделуі тиіс Ниваның да түгі қалмай жанып кетті. Өрттің неден тұтанғанын тергеушілер анықтап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде