{metadescription}
Жазда коммуналдық тариф 30 пайызға дейін көтеріледі
Жазда коммуналдық тариф 30 пайызға дейін көтеріледі

Жазда коммуналдық тариф 30 пайызға дейін көтеріледі

Жазда коммуналдық тариф 30 пайызға дейін көтеріледі. Мұндай өзгеріс маусым айына жоспарланған.

Бұған барлық аймақтағы инженерлік желілердің әбден тозғаны себеп деп түсіндірді бүгін ұлттық экономика министрі. Әсіресе жарық пен жылу желісі ескірген. Тіпті тозу көрсеткіші 80 пайыздан асқан аймақтар да бар.

Кәріз жүйесінің де жағдайы мәз емес. Көтерілген тарифтің есебінен осы ескі желіні жөндеу жоспарланып отыр. Сәйкесінше, желілердің жағдайына қарай әр өңір бойынша баға да әртүрлі болмақ. Тарифтың қымбаттауына сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің төмен жалақысы да түрткі болыпты. Министр Әлібек Қуантыровтың сөзінше, коммуналдық қызмет бірден емес, біртіндеп өсіріледі.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Электр энергиясы бойынша өсім шамамен шілде айына жоспарланған. Ал жылуға келсек, жаңа жылыту маусымы басталған кезде тариф құны өседі. Мәселен, қыркүйекте қымбаттаса, ол сома қазанда келеді. Кәріз жүйесін де жаңарту керек. Оны жаңғырту үшін үлкен инвестиция керек. Тарифтің көтерілуіне тағы бір себеп: тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің жалақысын көтеру керек. Өкінішке қарай, жалақының аздығынан бірнеше жүз мың адам саладан кетіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде