{metadescription}
Мәжілісмендер Ұлттық статистика бюросының жұмысына күмән кетірді
Мәжілісмендер Ұлттық статистика бюросының жұмысына күмән кетірді

Мәжілісмендер Ұлттық статистика бюросының жұмысына күмән кетірді

Статистиканың дұрыс жүргізілмеуі, атқарушы билікті де есептен жаңылдырып отыр. Осылай деген мәжілісмендер, бүгін Ұлттық статистика бюросының жұмысына күмән кетірді. Яғни ресми дерек бойынша, елдегі орташа айлық 300 мыңнан көп, жұмыссыздық 6 пайыздың айналасында, ал азық-түлік шамамен 21 пайызға өскен.

 "Бірақ, статистердің мәліметі мен шынайы жағдайдың арасы алшақ" - дейді депутат Елнұр Бейсенбаев.  Дұрыс мәліметтің болмауы, кез келген саланы діңкелетті дейді мәжілісмен. Мысалы, Ұлттық статистика бюросының айтуынша, елде пияз 182 теңге, ал шын мәнінде оның бір келісі 350 теңге. Яғни баға бір жарым-екі есе өсіп кеткен.

Ал жауапты орган Қазақстандағы орташа жалақы 340 мың теңге, яғни халықтың жан басына шаққандағы табысы 166 мың теңгеге жетті деп жалаулатқан. “Төменгі жалақысы 50-60 мың теңгеден аспайтындардың табысы күрт артты дегенге ешкім сенбейді” -  дейді Елнұр Бейсенбаев. Сондықтан Ұлттық бюро жүргізетін статистика барынша шынайы, халықтың әлеуетін ашық көрсетсін деп талап етіп отыр. Сонда ғана қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту, табысын арттыру мүмкін болады деп есептейді.

Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты:

- Шенеунік үшін статистиканы нақты жағдайды білу құралы ретінде пайдалану қажет. Статистика егер көрсетіп тұрса, Қазақстанда орта жалақы 340 мың теңге дейтін болса, шенеунік ойлайды «иә, 340 мың теңгеге бір отбасы өмір сүре алады». Ал егер статистика нақты ақпаратты көрсететін болса, ортақ жалақы шамамен 200 мыңның көлемінде деп, онда шенеуніктер өзгеше, яғни әлеуметтік салаға қарай бағыттары бөліну керек. Халықтың табысын арттыруға акцент қойылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде