{metadescription}
Ақтөбеде 200-ге жуық адамды алдаған «Центро Финанс» басшысы сотталды
Ақтөбеде 200-ге жуық адамды алдаған «Центро Финанс» басшысы сотталды

Ақтөбеде 200-ге жуық адамды алдаған «Центро Финанс» басшысы сотталды

Ақтөбеде қаржы пирамидасының басшысы сотталды. 31 жастағы Берік Томин «Центро Финанс» атты ұйым құрып, 200-ге жуық адамды сан соқтырған. Енді осы қылмысы үшін алты жыл түрмеде отырады.

Бұл қаржы пирамидасына қатысты тергеу осыдан үш жыл бұрын басталған. Күмәнді ұйымға жетекшілік еткен Берік Томин сол кезде елден қашып кетіп, халықаралық іздеу жарияланып еді. Былтыр көршілес Ресейде ұсталып, елге жеткізілді. Ол тергеу кезінде де, сот процесінде де талай адамды алдап, ақшасын қалтасына басқанын мойындады. Қаржы пирамидасына қатысты арызданған төрт адам тергеудің ақырына жете алмай қайтыс болған.

Ақша салғандардың көбі Алматы, Ақтөбе мен Атыраудың тұрғындары. Олар жүз мың теңгеден 12 миллионға дейін ақша берген. Кейібірі тіпті темір тұлпарын да еселеп пайда көремін деген оймен “пирамидаға” салыпты. Жалпы 200-ге жуық адамнан миллиардтан астам ақша жинап алған. Енді сот соны қайтарып беруді міндеттеп, алты жылға бас бостандығынан айырды.

Динара Ғылманова, №2 Ақтөбе сотының судьясы:

- Сот үкім шығарарда сіздің кінәңізді мойындап, жас балаларыңыздың барын ескерді. Алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Зардап шегушілердің азаматтық істеріне қатысты өтініштер қанағаттандырылды. Бір зардап шегушіге автокөлігін қайтарып беру туралы өтініш те қанағаттандырылды. Сотталушы, сіздің жалғыз баспанаңыз тәркіленбейді, бірақ кеңсеңіз тәркілеуге жатады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде