{metadescription}
Атыраудағы газ-химия кешеніне жұмысшы жинаған агенттікте шикілік шықты
Атыраудағы газ-химия кешеніне жұмысшы жинаған агенттікте шикілік шықты

Атыраудағы газ-химия кешеніне жұмысшы жинаған агенттікте шикілік шықты

Атыраудағы газ-химия кешеніне мыңдаған жұмысшы жинап жатқан жеке кадрлық агенттіктердің қызметінен шикілік шықты. Әлеуметтік желідегі хабарлама бойынша еліміздің әр өңірінен құжат тапсырған азаматтар сан соғып қалған.

Олар Ескене елдімекенінде салынатын газ-химия зауытына жұмысқа орналасу үшін 100 мыңнан 400 мың теңгеге дейін ақша төлеген. Алайда жүздеген азамат не ақша, не жұмыс жоқ, Атырауда сенделіп жүр.

Бұл жеке кадрлық агенттік арқылы жұмысқа тұрмақ болып сан соғып қалған азаматтар. Оларды Ескене елдімекенінде құрылысы басталатын газ-химия зауытына жұмысқа шақырған. Агенттік әрқайсысынан алдын ала 100 мыңнан 400 мың теңгеге дейін ақша алыпты. Бірі алты айлап, бірі үш айдан бері не жұмысқа тұра алмай, не ақшасын кері қайтара алмай сенделіп жүр.

Алмат Демешов, Атырау облысының тұрғыны:

- Мен турбомонтажға жұмысқа кіру үшін 150 мың теңге ақша бердім. Бірақ ол жерде 150 мың емес, 250, 300, 400 мыңға дейін алған. Турбомонтаж емес, пикап, лесомонтаж, әртүрлі мамандықтарға орналастырамыз деп алған. “Вэстрансгрупп” деген компания. Кеңсесі Ақтөбеде. Біз онлайн түрінде мессенжер арқылы ақша аудардық.

Асқар Суханғалиев, Атырау облысының тұрғыны:

- Маған:«қазір ақшаны аударсаңыз, келесі апта  вахтаға шығасыңдар» деді. 15 ақпанда вахта басталады, оған дейін АПЕК-те оқисыздар, өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау құжаттарын алуға оқытамыз, сосын кіресесіңдер деп, енді әлі жүрміз.

Жиналғандардың ішінде АПЕК тренинг орталығы арқылы алдын ала еңбек қауіпсіздігінен өткендері де бар. Наразы топ оқу орталығының да алдап кеткен агентіктермен байланысы бар деп күмәнданады. Алайда бұл орталық «жұмысқа орналастыруға қатысымыз жоқ, біз тек тапсырыспен оқытамыз» деп ақталды. Ал қаладағы тағы бір кадрлық агенттіктің алдын күзетіп жүрген бұл азаматардың басым бөлігі Түркістан облысынан екі ай бұрын келіпті. Арасында Шымкент, Тараз, Қызылорда қаласының тұрғындары да бар. Оларды да сол газ-химия зауытына орналастырамыз деп шақырып, алдын ала 200 мың теңгеден ақша алған.

Мадияр Керімқұлов, Түркістан облысының тұрғыны:

- Дос балам арқылы естіп, осы компанияға ақша төлеп, келдім. Жұмыс болады. 14-і оқу болады, 18-сі жұмыс болады деді. Мақұл, бопты, келді. 14-і болмады, 18-і бардық. Мен істемеймін дедім. Бес күн ішінде қайтарамыз деді. Бес күн емес, екінші аптаға кетті.

Өз жұмысын ақпан айында бастаған «ЛилияБолашақГрупп» кадрлық агенттігі басшысы «жұмысым заңды» деп сенімді жауап берді. Сөзінше, құжат тапсырғандардың барлығы жұмысқа орналасады екен. Тіпті бас тартқанына ақшасын қайтарып береміз деп ақталды.

Алтынай Жолдасқалиева, «ЛилияБолашақГрупп» ЖШС директоры:

- Мен бұл кісілермен ақша алған кезде шартқа отырдым. Қолдарында шарты бар. Менің шартым үш ай көлемінде жұмысқа орналастырамын дедім. Мен заңды компаниямын. Жарғы бар. Мен бұл кісілерді қайда орналастыратыным – коммерциялық құпия. Егер үш ай көлемінде олар жұмысқа орналаспаймын деген жағдайда немесе күтпейміз десе, арыз жазса, бес жұмыс күн ішінде ақшаларын қайтарып беремін.

Жиналғандардың сөзінше, бұл жүздеген адамды алдап жатқан кадрлық агенттіктердің басында WEST TRANS GROUP-M және AS-ER Consrtuction ЖШС тұр. Алайда олардың басшыларымен байланысу мүмкін болмады. Құзырлы органдар жиналғандардың арыз-шағымын жинап, зерделеп, құқықтық баға береміз дейді. Ал Атыраудағы газ-химия зауытының құрылысын салатын GPC Investment ЖШС бұл мәселеге қатысты жедел жауап бере алмаймыз деп бас тартты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде