Ақтөбеде мембағдарлама бойынша салынған қос үй апатты деп танылды
Ақтөбеде мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған қос үй апатты деп танылды. Ондағы 48 отбасы өзге пәтерлерге көшірілді. Ал іргетасы үгітіліп, қабырғасы қақырап тұрған ғимаратты сарапшылар жөндеуге болады деп шешкен.
Автор: Жаңалық Ахаш
26.04.2023
Есет батыр тұрғын үй алабындағы көпқабатты үйлер үш жыл бұрын салған еді. Ол үшін қазынадан 400 миллион теңге бөлінген. Бірақ сапасы сын көтермейді. Қабырғалары жарылып, жертөленің бетон бағаналары ажырап кеткен. Тіпті кей жерлерінің кірпіші құлап жатыр. Ол аздай іргетасы отырып, үгітіліп кеткен. Апатты үйдің тұрғындары өзге жерге көшірілгенімен, кейін қайта қайтып келеді деп отыр. Өйткені ғимаратты тексерген сарапшылар күрделі жөндеуден соң, бұл үйде тұруға болады деген шешім шығарған.
Руслан Әжниязов, Ақтөбе тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жетекшісі:
- Тексеру кезінде үйдің апаттық жағдайда екені анықталды. Ол құрылысқа пайдаланған беттонның сапасына қатысты болып отыр. Сараптамада бетон құрамына арзан материалдар пайдаланып, қалай болса солай жасаған болуы мүмкін екендігі айтылады. Енді үйдің іргетасын берік қылу үшін компанияларды тартып жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!