{metadescription}
Алматыда ата-аналар жекеменшік киностудияға алдандық деп отыр
Алматыда ата-аналар жекеменшік киностудияға алдандық деп отыр

Алматыда ата-аналар жекеменшік киностудияға алдандық деп отыр

Алматыда бір топ ата-ана жарнамасы жер жарған жекеменшік киностудияға алдандық деп шу шығарды. 6 - 16 жас аралығындағы балаларын алты айлық ақылы үйірмеге берген тұрғындар ақшаcын қайтарып беруді талап етті.

Ашуға булыққан олар Big Frame деп аталатын медиамектеп ұл-қыздарымыздың актерлік шеберлігін шыңдап, телеарнаға шығарамыз деп уәдені үйіп-төкті деп налиды. Алайда балалар құр ойын ойнап, ештеңке үйренбеген көрінеді. Киностудия өкілдерінің айтар өз уәжі бар.

Бұл ата-аналардың балалары бұл аудиторияда алты ай бойы актерлік және оратор шеберліктерін шыңдап шығуға тиіс еді. Алайда ақылы үйірменің аяқталуын аналар күте алмапты. Себебі, жарнамасы жер жарған киностудияның уәдесі басқа, іс жүзіндегі жағдай мүлдем басқа дейді шағымданушылар.

Анаргүл Айтрахымова:

- Баламыздың үйренген түгі жоқ. Балалар тұрып тақпағын айтады. Қыздар шпагатқа отырады. Сондай ойын ғана. Мен баламды ойнау үшін әкелген жоқпын. Дамысын деп әкелдім. Сол үшін ақша алады. Далада жатқан ақшамыз жоқ. Жарнамасы енді жер жарады, ал нәтижесі нөл.

Аида Бекбатырова:

- Бәрін бірден төлеп тастасаңыз ,85 мың теңге төлейсіз деп айтты. Жарайды дедім де, бірден 85 мың теңге төлеп тастадым. Егер бөліп төлесеңіз, 100 мың теңге деп айтты. Үлкен қыздар жазып жатыр. “Мама, ол жер таза емес, жай ғана отырамыз, уақыт өткізіп қайтамыз” дейді. Осыдан арқасы тертер болып шығады

Ашуға булыққан аналар Big Frame деп аталатын медиамектептің кеңсесін басына көтерді. Олар ұл-қызымыз ештеңке үйренбей, уақытын ойын ойнаумен текке өткізді деп ұлардай шулады.

Жеткіншектер қыстырылып-қымтырылып екі бөлмеде ғана білім алған. Оның іші санитарлық талаптарға сай емес, оқуға мүлдем жағдай жасалмаған дейді наразы топ.

Маржан Ерланқызы:

- Балалардың отыратын жері өте лас. Отыратын орындықтары мүлдем сай емес. Тіпті жазатын орын да жоқ. Балалар сөйлейді десе, мына жерде қалай ашылады? Тазалық жағын айтпайақ қояйық.

Көп ұзамай Big Frame компаниясының көркемдік жетекшісі келді. Ол айғайға басқан аналарды сабырға шақырып, келісімшартта жазылған дүние толығымен орындалатынын жеткізді. Ал курсты жалғастырмаймыз деген адамдарға ақшаны қайтаруға дайынбыз деп сендірді.

Рауан Иманғалиев, Big Frame компаниясының көркемдік жетекшісі:

- Біздің компания 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Он жылдан астам уақытта біз балалардың актерлік және ораторлық шеберлігін шыңдап келеміз. Сабақтар кесте бойынша әр жексенбі өтеді. Ұстаздарымыз театр және кино актерлері, кәсіби мамандар. Ақшаны қайтарамыз. Бірақ біз атааналардың талап-тілегін тыңдап, мәселені шешу үшін барымызды саламыз. 

«Бізбен бірге жұлдыз бол!», «Актер болу арманыңызды орындаймыз» деген жалынды сөздермен балаларды тартатын алты айлық шеберлік сабақтары Алматы және Астана қаласында өткізіледі екен. Курс соңында тәлімгер тұсірілімге қатысып, телеарнаға шығуы тиіс. Дегенмен киностудияның сөзі мен ісі қабыспайды деген аналар: “ Ақшамызды бермесе, полицияға арыз жазамыз” деп тарқасты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде