{metadescription}
Өскеменде өртенген бес қабатты үйден  жеті адам құтқарылды
Өскеменде өртенген бес қабатты үйден  жеті адам құтқарылды

Өскеменде өртенген бес қабатты үйден жеті адам құтқарылды

Өскеменде бес қабатты үй отқа оранып, жеті адам құтқарылды. Тілсіз жаудың құрсауында қалғандардың ішінде қос мүгедек азамат пен екі бала бар.

Қызыл жалын екінші қабаттағы пәтерде тұтанған. Кіреберісті лезде қою қара түтін торлап, тұрғындар сыртқа шығып үлгерген. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттың тұрғындарын әзер құтқарды. Тілсіз жау тұтанған пәтердегі 73 жастағы қария зардап шекті. Қазір ыстан уланған зейнеткер ауруханада жатыр. Жалпы, қызыл жалын көпқабатты баспананың бес балконын шарпыған.

Жадыра Аманғалиқызы, ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы:

- Негізі балконнан шыққан өрт жоғарғы қабаттағы балкондарды зақымдап үлгерді. Өрттің шығуына темекі тұтқылы себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде