{metadescription}
Ата-бабасы ескі зиратта жерленген астаналықтар араша сұрады
Ата-бабасы ескі зиратта жерленген астаналықтар араша сұрады

Ата-бабасы ескі зиратта жерленген астаналықтар араша сұрады

Қорымның үстіне құрылыс жүргізуге қарсы. Астанадағы ескі зираттарға ата-бабасы жерленген тұрғындар араша сұрады. Сол жағалаудағы Талдыкөл, Башан және Омар атты көнеден қалған қорымдардың аумағы қоршалып, әлдекімдер жұмысты бастап кеткен.

Қорым қазір жойылудың алдында тұр. Құрылыстан жергілікті әкімдік хабардар. Бірақ қараусыз қалған қорымның үстіне ешқандай тұрғын үй салынбайды деп сендірді.

Көне зират жүз жылдай уақыт бұрын пайда болған. Бейіттің кейбірі жойылу алдында тұрса, енді біріне жету қиынның қиыны. Көп қабірдің құлпытасы мүжіліп, сынып, құлаған. Бастапқыда бұл жер қоршалған екен. Марқұмдардың ұрпақтары бүгінде не қоршау жоқ, тіпті зираттың өзін таба алмай қалдық дейді.

Жәнібек Шақшабаев мұнда бір кездері шаруашылығы қыж-қыж қайнаған Бошан ауылы болған дейді. Ауыл халқын осы маңға жерлеген. Оның ішінде зейнеткердің әкесі де бар.  Бес жыл бұрын құрылысшылар келіп, маңайды жермен-жексен қылыпты.

Жәнібек Шақшабаев, Астана қаласының тұрғыны:

- Бұл тамның ішінде бір орын болған жоқ. Менің әкемді шет жағына қойдық. Rүздің күні келсем, мына жерде құрылыс басталған. Қарасам, мынау қоршаудың темірін алып кетіпті, металлоломға. Әкейді қазып алып, Ильинкаға апарып жерледік. Әкемнің әкесі де, шешесі де осында жерленген. Әкімдік мына жерді заңдастыру керек дейді. Жинаңдар, кімкім бар? Бұлардың ұрпақтары жоқ шығар.

Талдыкөл төңірегіндегі қорымның да жағдайы мәз емес. Біраз жері су астына кетіп, құлпытасы құлап, қамыс басып кеткен. Әйтеуір 2008 жылы жерленген адамдардың ұрпақтары айналасын қоршап, қақпа орнатқан. Тарихшылар бұл зираттарға бірнеше ғасыр болғанын айтады. Сол себепті қорымдар мемлекеттің мәдени-рухани мұрасы ретінде сақталуы тиіс деген пікірде. 

Мақсат Алпысбес, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры:

- Қайбір қазақ зираттарын алып қарасаңыздар, оның астында тіпті сақ дәуірінің, түркі дәуірінің зираты сақталады. Сондықтан осы мәселені ескеруіміз керек. Осындай қорымдар оның сұраушысы, жоқшысы, іздеушісі жоқ болуының негізгі себебі, олардың ұрпақтарының көбісі кешегі репрессияда өліп, соғыстан оралмай, майданда өлгендердің қаншама ұрпағы бар. Солардың атабабалары жатқан сүйектер, біз енді соларды құрметтемейміз бе?

Аргеологтар мен тарихшыларды толғандырып, марқұмдардың ұрпақтарын мазалаған құрылысқа қатысты әкімдік жауап берді. Айтуларынша, ол аумақта қандайда бір үйдің құрылысы жүрмейді екен. Бірақ басқа нысандар салынуы мүмкін. Ондада зират үстіне емес, маңайына деп сендірді. 

Нұрәділ Ғалымжан, Есіл ауданы жоспарлау бөлімінің басшысы:

- Осы зираттардың аумағында құрылыс салынбайды және олардың учаскелері тек қана абаттандырылатын болады. Зираттың өзі санитарлық қорғау аймағы болады. Ол тұрғын үйлерден, кем дегенде, 50 метр орналасуы қажет.  Осы 50 метрлік диаметрде басқа ғимараттар болуы мүмкін. Мысалға техникалық қызмет көрсету станциясы, бірақ та тұрғын үй салынбауы керек.

Қорымдардың қайсыбіріне барсаңыз да, қараусыз қалғанын бірден байқайсыз. Маңайы қоқысқа толы, шөбі шабылмаған. Ал аудан шенеуніктеріне жолдың жоқтығы кедергі болып жүр. Жер кеуіп, жол түскен соң барлығын абаттандырамыз деп уәде берді. Ал 50 метрге жетер-жетпес жерде қоршап қойып, қандай құрылыстың басталғанын олар да білмейді екен. Қаланың бас жоспарында да ол жерлер бос тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.