{metadescription}
Алматыдан жабдықталған медпоезд шалғай ауылдарға жолға шықты
Алматыдан жабдықталған медпоезд шалғай ауылдарға жолға шықты

Алматыдан жабдықталған медпоезд шалғай ауылдарға жолға шықты

Медициналық пойыз Алматыдан шығып, елдің шалғай ауылдарына жол тартты. Жыл аяғына дейін 120 бекетті аралайды. 75 мыңнан астам адам білікті мамандардың көмегіне жүгіне алады.

Дәрігерлер бригадасы байқау нәтижесінде жинақталған. Бас-аяғы 35 маман бар. Жоба жетекшілері, олардың жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалғанын айтады. Вагондарда тіс емдеу кабинеті, флюорографиялық аппарат, зертхана, тіпті қажет болғанда операция жасауға арналған хирургиялық үстел де қарастырылған. Медициналық көмектен бөлек, жергілікті халыққа құқықтық кеңес беріледі. Медиатор, заңгерлер дәрігерлермен бірге алғаш рет сапарға аттанды.

Әлфия Әдиева, «Самұрық-Қазына траст» әлеуметтік корпоратив қорының басшысы:

- Өздеріңіз білесіздер, орталықтан алыс шалғайда орналасқан ауыл тұрғындары медициналық қызметке жиі жүгіне бермейді. Жол шығыны бар немесе уақтылы денсаулық та көтермейді баруға. Ал медициналық пойыз жылына бір рет болса да, екіүш күн қатарынан барлық сараптамадан өткізуге мүмкіндігі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.