{metadescription}
Қали Сәрсенбай: Кітаптарым Асанәлі Әшімұлы мен Жанболат Аупбаев жөнінде
Қали Сәрсенбай: Кітаптарым Асанәлі Әшімұлы мен Жанболат Аупбаев жөнінде

Қали Сәрсенбай: Кітаптарым Асанәлі Әшімұлы мен Жанболат Аупбаев жөнінде

Белгілі журналист Қали Сәрсенбай бүгін екі бірдей кітаптың тұсауын кесті. Қос туынды көзіқарақты оқырманды бейжай қалдырмасы анық.

Біреуі «Корифей» деп аталады. Ол өнер қайраткері Асанәлі Әшімовтің өміріне арналған. Кинодағы күндері, жүріп өткен жолындағы бастан кешкен қызықты оқиғалары баяндалған.

«Журналист өмір барлаушысы,журналист өмір мектебі» атты екінші кітаптан оқырман белгілі журналист Жанболат Ауыпбаевтың шығармашылығымен етене танысады. Осы уақытқа дейін алған сұхбаттары мен «Мың бірінші мақала» деген эссесін біріктіру арқылы жазған. Жазушы бұл кітапті журналистика факультеттеріне оқулық ретінде ұсынуға болады дейді.

Қали Сәрсенбай, журналист:

- Бұл Асанәлі Әшімұлы мен Жанболат Аупбаев жөнінде. Жалпы енді  Асанәлі Әшімовтің аты елдің бәріне мәлім. Әр саланың тұлғалары болады ғой. Журналистикадағы, баспасөздегі мына тұлғалар жөнінде көбінде көп айтылмайды. Соның ішіндегі бірегей түлғаның бірі Жанболат Аупбаев. Жалпы ұлт баспасөзіндегі қызықты деректер, оқиғалар. Көп жағдайларды осы кітапта айтуға тырыстық, баяндауға тырыстық. Жалпы бұл кітапті негізінен журналистика факультеттеріне қосымша бір оқулық ретінде пайдалануға болады деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.