{metadescription}
Ақмола облысында үш ауылдың малы суға кетті
Ақмола облысында үш ауылдың малы суға кетті

Ақмола облысында үш ауылдың малы суға кетті

Ақмола облысында үш ауылдың малы суға ағып өлді. Ірі-қара мен жылқылар қар аралас жаңбыр жауғанда саға іздеп су жағалап кеткен. Қазір Қаракөл, Қосбармақ, Сергеевка ауылдарының тұрғындары шамасы келгенше өлекселерді судан шығарып жатыр.

Бірақ, мал басы түгел емес. Жылқышылар қамбар ата түлігін жер-көктен іздеп таппаған. Олар жұмыр тұяқты жануарлар су астында жатыр деп болжауда. Сондықтан ағыны қатты өзеннен өлекселерді іздеп тауып, шығаруға әкімдіктен көмек сұрап отыр.

Сергеевка ауылының малы. Сәуірдегі қар аралас жаңбыр мен дүлей желде  адасып өзенге түсіп кеткен. Арасында бірді екілі бұзау болмаса, негізінен сүтін сауып ішіп отырған сиырлар. Өкінішке қарай, жер көктей бастады деп, ерте көктемде өріске айдаған екен. Бірақ, қараусыз қалып, боран соққанда таба алмай қалыпты. Енді өлекселерін судан шығарып жатыр. Ағыны қатты терең жерлерге әзірге жете алмаған.  

Бұл маңда Есіл өзенінің тарам тарам сағалары көп. Оның үстіне сай салаға қар суы жиналған. Сол күні Қосбармақ ауылы маңында да бір үйір жылқы суға кеткен. Жүген ұстап қалған жұрт табиғаттың тосын мінезі деп сабыр сақтап тұр. Дегенмен «малым жанымның садағасы» дейтін  ауыл халқы осындай сәтте шенділердің бірі келіп жайымызды сұрамады деп өкпелі.

Сәбит Қуанышов, Қосбармақ ауылының тұрғыны:

Қыстан аманесен әзер шығарып, жұрт малдарды жем-шөп …енді қиын шаруа бұл. Біреудің жалғыз малы. Біреуде 10 мал. Бір апта уақыт өтті, ешкімді көрген жоқпыз. Келген жоқ, ешкім сұраған жоқ, не болып жатыр деп.

40 жылдан бері бірнеше ауылдың жылқысын  бағатын Әлім Есмағамбетов “ешқашан мұндайды көрген емеспін” дейді. Алдындағы малы көз алдында екі шақырым жүзіп барып суға батып кеткен. 

Әлім Есмағамбетов, жылқышы:

Боран, аяз болып тұрды. Судың жиектері қатып тұрды. Жылқылар шоғырланып бір құрғақ жерде тұрды. Су келіп жатыр.Сол біз бер жағында тұрдық, жылқы ар жағында, өте алмадық, ол жаққа қарай. Қайық болмады. Мүмкін оларды құрғақ жерге айдап шығып аман қалдырар едік. Қайық сұрадық. ТЖ жоқ деді. Анаданмынадан сұрадық.

Дер кезінде қайық таба алмағанын атқамінерлер де мойындап отыр. Бірақ ауыл әкімі жылқылар, құтқар деп ешкім көмек сұраған жоқ дейді.

Алтынай Біләлова, Ақан Құрманов ауыл округінің әкімі:

- Қайық ондай ауылда жоқ, моторлы қайық. Қайық сұрағанда ол кісі айттымен жылқыларымды байқап келейін деп едімдеді. Құтқарыңдар деп айтқан жоқ ол кісі. Алдын ала жазып береміз, шығару керек. Көмектесеміз. Ол кісі өзі іздейді. Ол кісі өзі алды ғой малды.

Төрт түлігі арам қатқан ауыл тұрғындарына көк тиын өтемақы қарастырылмаған. Ендігі мәселе -өлекселерді өзеннен шығару. Әзірге жергілікті шаруашылықтар техника беріп, судан алынған өлген малды арнайы қорымға тасып жатыр.  

Әлі де сабылып жоқ іздеп жүрген жұрт 40 шақты бас мал су астында жатуы мүмкін дейді. Қосбармақ ауылы жанынан өтетін өзен сағасы Есілге құяды екен. Сондықтан да өлекселерді тез арада жинап алмаса, өзен суы бүлінуі мүмкін деп алаңдайды олар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде