{metadescription}
Президент: Этносаралық келісім саясатында сөз бен іс бір жерден шығуға тиіс
Президент: Этносаралық келісім саясатында сөз бен іс бір жерден шығуға тиіс

Президент: Этносаралық келісім саясатында сөз бен іс бір жерден шығуға тиіс

"Түймедейді түйедей қылып". Тұрмыстық деңгейде басталған кез келген кикілжіңді ұлтаралық араздықта сипаттап, ел ішіне іріткі салатындардың жазасы да жеңіл болмайды. Бұл ретте жалған ақпарат тарататындардың да жолын дереу кесу керек. Бүгін президент осы мәселені құқық қорғау органдарына тапсырды.

Қазақстан халқы ассамблеясының дәстүрлі жиынына келген Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтты ұйыстыратын тіл мәселесіне де ерекше тоқталды. Енді бұл ұйымның жауапкершілігі екі есе артпақ. Ассамблея бірінші кезекте Үкіметпен, саяси партиялармен бірлесе жұмыс істеуі тиіс. Мамыр таяғанда бас қосу ассамблея мүшелеАрінің бұлжымас дәстүрі. Бұл игі дәстүр биыл да жалғасты. Кеше панелдік сессиялар өтті, бүгін маңызды жиын. Түрлі өңірден келген әртүрлі диаспора өкілдері арқа-жарқа боп көрісті.

Биыл ҚХА құрылғанына 28 жыл. Бұл аз уақыт емес. Бірақ әртүрлі диаспора өкілдері тұратын Қазақстанның бірлігін сақтау бір күнге де өз маңызын жойған жоқ. Өйткені тек сыртқы геосаяси жағдай емес, ел ішінде тұрмыстық деңгейде болса да түсініспеушіліктің болып жататыны жасырын емес. Осындайда бірліктің ұйытқысы болып, Ассамблея төрелік айтуы тиіс.

“Бірлігі бекем ел ғана биіктерді бағындырады” деген президент, мемлекеттің тұтастығы мен тәуелсіздігі бәрінен қастерлі екенін тағы еске салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Бірлік дегеніміз мақсатымызға апаратын, жол ғана емес, бұл мемлекеттілігіміздің ең басты тірегінің бірі. Мен бұған дейін де айттым. Еліміздің тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы бәрінен қымбат. Ел бірлігі осы мызғымас құндылықтармен қатар  тұруы тиіс.Сонда ғана болашағымыз баянды болады. татулық пен келісім тек мемлекеттік саясатта емес, қоғамда, үйде, ұжымда, жалпы барлық жерде дәріптелуі қажет. Бұл жалаң ұран емес.

Кейбір тұрмыстық кикілжіңді саясиландырып, өз мақсатына пайдаланғысы келетін мүдделі топтар болуы мүмкін. Олардың жазасы жеңіл болмауы тиіс. Президент құқық қорғау органдарына радикализм, экстремизм мен сепаратизмнің кез келген белгілеріне қарсы тұруды нықтап тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Этносаралық келісім саясатында сөз бен іс бір жерден шығуға тиіс. Ассамблея саяси партиялармен ақылдасып, кеңесіп отыруы қажет. Сонда бірлігімізді нығайтамыз. Этносаралық қатынасқа қатысты кез келген арандатудың жолын кесеміз.

Жүз отыздан аса ұлт өкілі мекен ететін Қазақстанда тіл мәселесі төтесінен қойылмауы қажет дейді президент. Бірақ мемлекеттік тілге сұраныстың жоғары болуы және күн өткен сайын жоғарылай беруі қалыпты үрдіс. Осы мақсатта атқарушы билік те, Ассамблея да аянбауы қажет деп санайды Қасым-Жомарт Тоқаев. Ұйым құрылғалы басы-қасында жүрген Асылы Осман қазақ тілін үйрете отырып міндеттеу ұйымның негізгі мақсаты деп біледі.

Асылы Осман, ҚХА мүшесі:

- Ал біздің түсіністік болу үшін не болу керек? Түсіністік болу үшін тілді білу керек. Ассамблеяның ең бір мақсаты, менің түсінігімде, тілді меңгеру болуы керек еді. Ал осы уақытқа дейін орысша сөйлеп  отырмыз. Мен тілді білмесін демеймін, тілді білу керек. Қанша тіл білсеңіз, сіз өзгеден сонша кез биік тұрсыз. Тіл білген адам ғана ұлттың жан дүниесін ұғады, болмысына бойлай алады. Тіл білмеген адамнан мен өз басым ештеңе сұрамаймын.

Қанша, қандай ұлт болсын, дініне, тіліне қарап бөлу тәуелсіз Қазақстанның түсінігінде болмаған. Алайда этносаралық арандатуды эмоцияға беріліп, өшпенділік пен жеккөрушілікке дейін жеткізетін ақпараттық соғыстардан абай болу керек. Президент айтқан идеологиялық даулардың алдын алып жүрген Ассамблеяның ашық жұмысын көбі көргісі келеді. 

Максим Рожин, Мәжіліс депутаты:

- Ассамблеяның қоғамға деген ашықтығы басталу керек сияқты. Толыққанды. Қазір мысалы ақпарат бар, ғылыми зерттеулер бар. Іште жүрген, жасырын, елге көрінбейтін жұмыстар жасалып жатыр. Бірақ бұл жұмыстар бойынша кең көлемді ақпарат берілу керек. Өйткені елжұрт Ассамблея шынымен осы бағытта мынадай идеологиямен, отансүйгіштік, мемлекетшілдік идеология болсын, осы бағытта жұмыс істеп жатыр деген тұрақты пікір қалыстастыру керек.

Сенімді пікір қалыптастыру үшін президент Асаамблеяға саяси партиялар мен мемлекеттік органдармен қарым-қатынасты күшейтуді тапсырды. Өйткені саяси реформалар жүріп жатқан елде пікір әр-алуан болмауы тиіс. «Ынтымақ-бірлік көктен түскен жоқ. Ол әр қазақстандықтың табандылығының арқасы» деп, сөзін түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев. Жиын соңында белсенді азаматтарды бірқатар медаль-ордендермен марапаттады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде