{metadescription}
Ақтөбе облысында тасқында қалған мектепке жөндеу жүргізіледі
Ақтөбе облысында тасқында қалған мектепке жөндеу жүргізіледі

Ақтөбе облысында тасқында қалған мектепке жөндеу жүргізіледі

Ақтөбе облысында тасқын кезінде су астында қалған мектепке жөндеу жүргізілетін болады. Қобда ауылындағы гимназияның ғимаратын тексерген сарапшылар қауіп жоқ деген шешімге келген.

Осыдан тура бір жарым ай бұрын Қобда ауылының жартысын қырдан аққан қызыл су басып қалған еді. Әкімдік баспанасы бүлінгендерге үй салып беретін болды. Ал Исатай Тайманов атындағы гимназияның бірінші қабатын белуардан су басып, кейін қабырғаларында жарық пайда болды. Іргетасы да отырып біраз жері бүлінген. Осыдан кейін үш жүзге жуық оқушыны ауылдағы басқа мектептерге бөліп жіберді. Содан бері гимназия ғимаратына ешкімді жолатпады. Қазір де жабық тұр. Бірақ сарапшылар күрделі жөндеу жасаса, оқушылардың сабақ оқуына жарайды деп отыр. Енді жаз бойы осы шаруаны реттеп, жаңа оқу жылына дайын болуымыз керек дейді білім басқармасындағылар.

Жеңісбек Ақбергенов, Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары: 

- Арнайы мекеме техникалық сараптама жасады. Соның қортындысы бойынша қазіргі таңда мектептің бірінші қабаты мен жертөлесіне күрделі жөндеу қажет. Жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеп, нақтылағаннан кейін және де оң қортындысы алынғаннан кейін бұл күрделі жөндеуге қажетті қаражат көлемі нақты айтылатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.