{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаев қоры 15 өңірде ерекше балаларды оңалту орталығын ашады
Нұрсұлтан Назарбаев қоры 15 өңірде ерекше балаларды оңалту орталығын ашады

Нұрсұлтан Назарбаев қоры 15 өңірде ерекше балаларды оңалту орталығын ашады

Рудный қаласындағы ерекше балаларды оңалту орталығы жыл сайын жүздеген баланың қоғамға кедергісіз араласуына септігін тигізуде. Нұрсұлтан Назарбаев қоры еліміздің тағы 15 өңірінде аутизм және ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған орталықтарды іске қосайын деп жатыр.

Бұл туралы қордың Қостанай облысындағы күндерінде айтылды. Іс-шара аясында сондай-ақ жастарға әлеуметтік әрі білім саласы бойынша қолдау көрсетін бірнеше жоба таныстырылды.

Кішкентай Әмір өмірге келе сала сынақтың дәмін татты. Ерекше бүлдіршін күледі, жылайды, анасына еркелейді, күнде бір қылық шығарады. Жайнагүл Байжекеева бауыр еті баласын оңалту орталығына алып келгелі көңілі тыныш. Төрт құрсақ көтерген ана үш перзентін аяққа тұрғызған. Ендігі арманы сүт кенжесінің тәй-тәй басқанын көру.

Жайнагүл Байжекеева, Қостанай қаласының тұрғыны:

- Баламда қазір өзгерістер бар. Велосипед тебуді үйрендік, осында келгеннен бері. Осы екінші рет емделіп жатырмыз, Рудный қаласында. Сөйлеу қабілеті қалыптасып келе жатыр десем де болады. Сөздері барғ кішкене айтатын. Логопед, дефектолог, бассейн бар, меруертті ванна бар, соның бәріне барып жүрміз.

Рудный қаласындағы «Қамқорлық» атты балаларды оңалту орталығы 2020 жылы жұмысын бастаған. Содан бері орталық Әмір сынды жылына 600-ге тарта ерекше баланың дертіне дауа іздеп, қоғамға араласып кетуіне септігін тигізіп келеді. Церебралды сал ауруы, мидың, жұлынның туа біткен ақаулары, нейроинфекцияның салдары. Осындай күрделі диагноздардың артында күрделі жұмыстың тұратыны белгілі. Сол себепті де әр науқаспен бірнеше сағат бойы тыңғылықты терапия жасауға да темірдей төзім мен қажымас жігер керек.

Татьяна Майорова, «Қамқорлық» оңалту орталығының еңбек жөніндегі нұсқаушысы:

- Жасы ересек оқушыларымыз бұдан да күрделі дүниелерді әзірлейді. Сондайақ біз маусымдық қолөнер жасап үйренеміз. Балаларға қойылған диагноз әртүрлі. Бірақ олар соған қарамастан, менің сабағымнан қалмайды.

Тақия дайындағаннан өзін жақсы сезінеді. Оңалту орталығындағы көрсетілетін қызметтерді бір-бірінен бөле жару қиын. Себебі дәл осындай жарқ-жұрқ еткен әрбір бөлмеде ерекше баланың дамуына күн сайын бір, бәлкім бірнеше қадам жасалады.

Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен қаладағы орта мектептердің бірінде оңалту сыныбы да ашылған. Орталық ерекше күтімді қажет ететін 12 баланы бір мезетте қабылдауға қауқарлы. Олардың әр қайсысымен күн сайын 6 сағаттан жұмыс істейді.

Жанат Әскербекқызы, мұғалім:

Келген бетте оқушылар әрине мектеп ережелерін білмейді. Өзөзін ұстай алмайды. Бір-бірімен қарым қатынасқа түспейді. Жоламайды. Көп әдіс қолданамыз. Бірінші, карточкалар арқылы корсетеміз. Айта алмаса, көмектесеміз. Мен сыртқа шығамын. Қазір сабақ, үндемей тыныш отырамыз. Ал қарым-қатынас машықтарын біз сабақтан тыс шараларды өткіземіз. Олар жеке ғана емес, топтық сабақтар болады.

Қордың атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлының айтуынша, қазірдің өзінде тұрғындар 15 оңалту орталығы, 8 ерте араласу орталығы, 16 инклюзияны қолдау кабинетінің игілігін көруде. Биыл тағы бірнешеуі іске қосылайын деп отыр. Сондай ақ, іс-шара аясында ауыл шаруашылығы, журналистика мен заманауи смарт технология мамандары тренинг дәрістер өтуде.

Әлкей Марғұланұлы, Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары:

- Облыстың үлесі өте зор. Себебі, айтып кеткен бүкіл бастамаларда осы жергілікті мемлекеттік органдарсыз жүзеге асыра алмайтын едік. Инфрақұрылымдық, басқа да мәселелер осы әкімдіктің шеңберінде. Одан бөлек, білім болсын, әлеуметтік қамсыздандыру басқармалары болсын, ол кісілердің барлығының атқарып отырган ісі болды. Бір сөзбен айтқанда, біз жақсы бір диалогта жұмыс істедік. Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі, қордың жанындағы мәдениет саласындағы кеңестер ішінде де Қостанай облысынан қатысатын азамат саны жоғары.

Қостанай облысындағы Нұрсұлтан Назарбаев қорының күндері алдағы екі күн бойы жалғасады. Осы аралықта жастарға әлеуметтік әрі білім саласында қолдау көрсететін жобалар таныстырылып, өнер жұлдыздарының қатысуымен концерт өткізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде