{metadescription}
Жаңаөзендегі жойқын жарылыстан көз жұмғандар саны алты адамға жетті
Жаңаөзендегі жойқын жарылыстан көз жұмғандар саны алты адамға жетті

Жаңаөзендегі жойқын жарылыстан көз жұмғандар саны алты адамға жетті

Жаңаөзендегі жойқын жарылыстан көз жұмғандар саны алты адамға жетті. Бүгін жансақтау бөлімінде жатқан 51 және 46 жастағы қос науқас қайтыс болды. Бір аптадан бері өмір мен өлімнің арасында болғандарды ақ халаттылар ажалдан арашалап қала алмады.

Қаза болғандардың бірі жарылыс болған күні үйінді астынан табылып, ауруханаға жеткізілген. Марқұмның бүйрегі істен шығып, аяғы жаншылған екен. Ал, екінші марқұмның денесінің 70 пайызын күйік шалған. Оған қажетті ем-дом көрсетілсе де есін жимастан көз жұмған. Қазір тағы бір науқас Жаңаөзен қаласындағы ауруханада емделіп жатыр. Дәрегерлер оның жағдайы да өте ауыр дейді. Жарылыстан кейін түсік тастаған келіншектің омыртқасы зақымданыпты. Науқастың күйеуі мен енесі оқиға орнында қайтыс болған. Естеріңізге сала кетейік, 17- сәуір күні Жаңаөзенде екі қабатты үйде газ жарылған еді. Күшті дүмпуден 4 пәтер жермен жексен болып, тағы 8 баспана тұруға жарамсыз деп танылды. Қазір тәртіп сақшылары оқыс оқиғаның себеп-салдарын тексеріп жатыр.

Сағат Бітімов, Маңғыстау облыстық ауруханасы директорының орынбасары:

- Біз барлық тиісті емдерді көрсетсек те жағдайының ауыр болуына байланысты науқас қайтыс болды. Екінші науқаста бізде зілзаланың астында қалған компарт синдромымен түсті. Жалпы жағдайы ауыр болды. Біздің облыстық ауруханада реанимация бөлімшесінде болды. Көмектер көрсетілді. Соған қарамастан ол кісі де көз жұмды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде