{metadescription}
Мұнайшыларға жоқ орын теологтарға табылған
Мұнайшыларға жоқ орын теологтарға табылған

Мұнайшыларға жоқ орын теологтарға табылған

Мұнайшыларға жоқ орын теологтарға табылған. Астанадан келген арнайы комиссия «ӨзенМұнайгаз» компаниясында имамның жұмыс істегенін анықтаған. Айтуларынша айтыскер ақын мұнай компаниясында алдымен штаттағы теолог кейін қоғаммен байланыс жөніндегі маман ретінде тіркеуде тұрған.

Комиссия мүшелері «Өзенмұнайгаз» компаниясының 12 бөлімшесі мен 6 сервистік мекемелерінде тексеру жүргізіп жатыр. Нәтижесінде мыңнан астам жұмысшымен сұхбаттасып, бірқатар кемшіліктерді анықтаған. Атап айтқанда жалақы есептеу барысында біраз заңсыздық орын алыпты. Тіпті жұмысшыларға айлап зенетақы аударымдары жасалмаған. Ең сорақысы «Өзенмұнайгаздың» басшылары мұнай өндіруге қажетті құрал-жабдықтарды әдеттегіден бірнеше есе қымбат бағаға жалға алған. Сондай-ақ былтыр 1,5 млрд теңгеге ұңғымаларды жөндеуге арналған 14 агрегат сатып алыпты. Алайда соның тек біреуі ғана тиісті жерге жеткізілген екен. Комиссия өкілдері компанияға кейбір жұмысшылар кезектен тыс қабылданған деп отыр. Тіпті Маңғыстау өңіріне белгілі айтыскер ақын мұнай компаниясында теолог болып айлық алған.

Дәулетжан Хасанов, «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

«Өзенмұнайгаз» штатына кезектен тыс қабылдау фактілері бар деген мағлұмат түскен. Сол бойынша 4 қызметкер бойынша фактілерді сондай-ақ жаңа қызметкерлердің біліктілігі талаптарына сәйкестігін қазір анықтап жасап жатырмыз. Осы мәселе бойынша алға қарай болдырмау мақсатында Жаңаөзен қаласының әкімдігі, депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелеріне жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен қабылдауды әділеттілікпен анықтығын қамтамасыз ету үшін комиссия құруды ұсындық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде