Жаңа үйдің іргетасы сөгіле бастаған
Ақтөбеде 48 отбасы мемлекеттік бағдарлама бойынша үш жыл бұрын алған баспаналарына қайта қоныстанудан қорқып отыр. Себебі жаңа салынған үйдің іргетасы сөгіліп, қабырғасы қақырай бастаған. Тіпті ғимаратты жөндеуге болады деген сарапшылар сөзіне де сенбейміз дейді жиналғандар.
Автор: Жаңалық Ахаш
28.04.2023
Ардақ Қожығұлова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
- Келіспеймін мен ол үйге. Бармаймын мен. Қырық сегізіміз де қарсымыз. Бармаймыз. Жарамайды ол. Өйткені, ол фундамент кеткен деп тұр ғой. Ал шынымен стройтельден хабары бар адамдар фундамент кеткесін болды. Ол үйде тұруға мүмкіндіктерің жоқ деп.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған төрт қабатты қос үйдің тұрғындарын бір апта бұрын әкімдік жаппай көшірген болатын. Оларды жаңа салынған үйлерге уақытша қоныстандырды. Ал бұрынғы баспаналарында тұру алғашқыда қауіпті деп танылған еді. Өйткені, құрылыстың сапасы сын көтермейді. Жертөледен бастап жоғарғы қабатқа дейінгі қабырғалары қақырап жатыр. Бетон тіреуіштері де үгітілген. Бірақ бұған қарамастан тексеру жүргізген сарапшылар күрделі жөндеу жасаса тұруға жарайды деген шешім шығарған. Тұрғындар бұған үзілді-кесілді қарсы. Шенеуніктер болса сәулет және құрылысқа жауапты басқа институтқа тағы сараптама жасатамыз дейді. Қос ғимараттың жайы содан кейін белгілі болады.
Мұрат Жөребеков Ақтөбе қаласының әкімі:
- «Ақша бөлеміз. Қаз ИИСА деген үлкен компания, Қазақстан бойынша аваринный үйлерді қарайтын.Олардың заключениесі өте авторитетный. Соларды алып, екі тапсырма береміз. Алғасын бірінші мынаны перепроверить, мүмкін не передаваринный, мүмкін аваринный, біз білмейміз ғой? Перепроверьте дұрыстап.Сосын себебін табу керек. Нақты себебі. Мына жерде жазылып тұр, или бетон, или анау, или мынау деген. Ол бетон бір себебі ме, әлде астындағы су ма екінші себебі. Неге бетон жарылып кеткен?»
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!