{metadescription}
Ақмола облысында көктемгі егіс айғай шумен басталды
Ақмола облысында көктемгі егіс айғай шумен басталды

Ақмола облысында көктемгі егіс айғай шумен басталды

Ақмола облысында көктемгі егіс айғай шумен басталды. Зеренді ауданындағы Қошқарбай ауылының тұрғындары алқапқа шыққан техниканың алдын бөгеп, кес-кестеп жатып алды. Себебі егін себетін алқапқа екі қожалық таласуда. Екеуінде де құжаттары бар. Жер комиссиясы шешім шығарғанда ірі компанияның егін алқабын ешкімге ескертпестен  жергілікті шаруа қожалығына да беріп қойған. Енді көктемгі науқан басталарда бұл үлкен дауға айналып отыр.

- Байып отырсың. Әкеңе машина алдың өзіңе машина алдың пиик. Мен неме алам. Жерді қайтар менің все! Өзім себем..

Атшаптырым алқапқа бидай егеміз деп айғай шу шығарып тұрған Қошқарбай ауылының тұрғындары. Олар ауыл маңына егін өсіретін компанияны енді жолатпаймыз дейді. Сондықтан Қошқарбайлықтар жиналып, жергілікті шаруа қожалығының атына жер құқығын иеленетін құжат жасатып алған. Сондықтан сырттан келгендердің техникасын бөгеп, жер жыртуға шығармай отыр.

Қайыркен Хасенов, «Қошқарбай» ЖШС директоры:

- Аудан әкімінің шешімі мінекей, менің қолымда. Жердің актісі менің қолымда. 2200 гектар егістік жерге. Біз жерді бермейміз. Неге десеңіз құжаттар біздің қолымызда.

Десе де жердің заңды құжаттары әлі ресми тіркелмепті. Соған қарамастан серіктестік өкілдері бұл жерді өзгеге бермейміз деп тұр. Ал, тап науқан алдында кикілжің тудырып, жұмысымызға кедергі келтірген аудандық әкімдіктің әрекетін түсінбедік ,-дейді қарсы тарап.

Қайрат Ахметов, «Зеренді астық» ЖШС директоры:

- Бүгінгі осындай даудың тууына жергілікті атқарушы билік кінәлі. Бізге де, оларға да ескертпестен неге құжат жасап береді. Дәл сондай жерді иелену құқығы бізде емеспе? Екі жақты қырылыстырып қойып енді өздері бұғып қайда, тығылып қалды.Көктемгі егісті бастамаймыз ба?

Алқап басындағы айғай оңайлықпен басылар емес.2 мың гектар жерге құжат жасап алған екі шаруашылық бір біріне жол бермей тұр. Текетірес бұлайша жалғаса беретін болса  көктемгі егіс жайына қалатын түрі бар.

Жерге таласқандардың дауына әкімдік араласпаймыз деп ашып айтты. Бұл мәселені енді сот шешеді.  Бірақ тараптар сотқа сандалып жүргенде көктемгі егіс науқаны өтіп кетуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде