{metadescription}
Тұрғындары үйінді астында қаламыз деп дабыл қағуда
Тұрғындары үйінді астында қаламыз деп дабыл қағуда

Тұрғындары үйінді астында қаламыз деп дабыл қағуда

Қарағандыда көпқабатты үйдің тұрғындары үйінді астында қаламыз деп дабыл қағуда. Өйткені әкімдік баспананың бірінші қабатындағы әкімшілік ғимаратты бұзып, пәтерге айналдырып жатыр екен. Алайда 40 жыл бұрын салынған нысан қирап қалуы мүмкін дейді жиналғандар.

Екатерина Королева, Қарағанды қаласының тұрғыны:

Әр подьезден пәтерлерге кіретін есік жасалады ғой. Мына қабырғалар тесіледі. Ал бұл үйді тіреп тұрған қабырғалар. 12 пәтер болады деді. 12 есік керек. Ғимараттың арғы жағынан 44 терезе мен балкондар шығады. Ескіріп әрең тұрған үй құлайды. Шыдамайды.

Бұрын бұл ғимаратта әкімшілік сот орналасқан. Олар көшіп кеткелі 10 жылға тарта қаңырап бос тұрды. Қабырғалар дірілдеп, шаң тозаң мен тарсыл-гүрсіл екі апта бұрын басталды дейді тұрғындар. Бұларың не дегенге ешкім жауап бермеген. Ғимаратқа қандай да бір бұзу, жөндеу жұмыстарына рұқсат қағаздарын да көрсетпепті. Онсыз да іргетасы үгіліп, қасбетіндегі кірпіштер құлап жатыр дейді. Ал шенеуніктер ғимараттың бос тұрған бірінші қабатын баспанаға айналдыру шешімі былтыр қабылданғанын айтады. Бұған бюджеттен 150 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген. Пәтерлер кезекте тұрған әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға беріледі дейді. Аталған жоба құрылыс сараптамасынан өткен. Тұрғындар сотқа арызданса да, жауап беруге әзірміз деп отыр.

Мұрат Камалиев Қарағанды қалалық Құрылыс бөлімінің бастығы:

Ол экспертизадан өтті. Оны дипломы бар адам қарады. Сырттан келген, даладан келген адам қараған жоқ. Бәрін мамандар қарап шешімін шығарды. Біз толық несущий стенаны алмаймыз. Біз тек қана подьездің ішінде проемдар бар, проемдардың есігін ғана шығарамыз. Ол есікті істегенде, усилениемен істелінеді. Ондай жамандаққа апармайды. Құламайды, ол бекер сөз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде