{metadescription}
Алматыда жарнама мен маркетинг саласының үздік мамандары марапаттлады
Алматыда жарнама мен маркетинг саласының үздік мамандары марапаттлады

Алматыда жарнама мен маркетинг саласының үздік мамандары марапаттлады

Алматыда алғаш рет жарнама мен маркетинг саласының үздік мамандары марапаттлады. Оңтүстік мегаполисте "E+ Awards" Орталық Азия шарасы өтті. Жарнама арқылы неғұрлым көп клиент жинаған өз ісінің үздіктері осы кештің басты кейіпкерлері болды.

Алматыда маркетинг пен жарнама саласының жілігін шағып, майын ішкен 170-тен астам маман жиналды. Бұл жүлдеге әркімнің-ақ таласы бар болғанмен, тек 12 үміткердің бағы жанды. Қазақстан мен Өзбекстанның мамандары үздіктер қатарынан көрінді.

Дмитрий Маров, Орталық Азия жарнама қауымдастығының төрағасы:

- Байқауда о бастағы идеядан бастап оны жүзеге асыруы, қандай құрал пайдаланғаны, байланысты іске қосқаны, қандай жолмен алға жылжытқаны есепке алынды. Бастысы, қандай нәтижеге жеткеніне қарадық. Жарнама қаншалықты көзтартар болғанмен нәтижесі болмаса ақшаның босқа кеткені.

Байқауға қатысушылар арасында танымал бренд өкілдері мен жарнама, маргетинг агенттіктерінің өкілі болды. Қазылар олардың стратегиясы, аудиторияны қамтуы, қаржылық көрсеткішіне қарады.

Юлия Тушина, G Force атқарушы директоры:

- Біз креативті шешімді ойлап табумен айналысамыз. Брендтердің жарнамасын жүргіздік. Маркетингтік қолдау білдірдік. Видеоролик жасаудан бастап есептейтін болсақ бұл кешенді жұмыс. Бастысы тұтынушылармен байланыс.

Қазақстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстанның сарапшылары ең үздік жұмысты таңдады. Байқауға қатысушылар тек сыйлық алмай, өзара тәжірибемен алмасты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде