{metadescription}
Көкшетауда ұзақ жыл кезекте тұрған 60 отбасы баспаналы болды
Көкшетауда ұзақ жыл кезекте тұрған 60 отбасы баспаналы болды

Көкшетауда ұзақ жыл кезекте тұрған 60 отбасы баспаналы болды

Көкшетауда көп жылдан бері пәтер кезегінде тұрған 60 отбасы баспаналы болды. Олардың арасында көпбалалы отбасы, мүгедектер мен ардагерлер де бар.

Қайрат Оспанов, Ауған соғысының ардагері:

- 17 жыл күттім. Міне, пәтер алдым. Рахмет! Ауған соғысының ардагерімін.

Баспаналы болып қуанышы қойнына сыймаған көкшетаулықтардың арасында осы сәтті 20 жылға жуық күткені де бар. “Бала-шағамызбен осыншама уақыт көшіп-қонып, біреудің босағасында жүрдік” деп, еске алады олар. Енді, міне, пәтер кілті қолына тиіп, жаңа ашылған «Сарыарқа» шағын ауданынындағы үйіне асыға жетті. Пәтерлері кең әрі жарық. Мереке күні қоныс тойын тойлауға кіріскен. Қазір қалада бой көтеріп жатқан көпқабатты үй саны көп. Кезек күткендер де 8 мыңнан асып кеткен.

Бауыржан Ғайса, Көкшетау қаласының әкімі:

- Әлі сегіз үй тапсырамыз. Оның ішінде төртеуі жалға берілетін, төртеуі несиеге алатын үйлер. Жалпы қалада 21 үй салынып жатыр. Бірақ ақша жетпей жатыр. Ақша бөлінгенде, біз оның бәрін жүргіземіз, келесі жылда тапсырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде