{metadescription}
Ерте піскен жеміс-жидек пен көкөністен уланып қалмау үшін …
Ерте піскен жеміс-жидек пен көкөністен уланып қалмау үшін …

Ерте піскен жеміс-жидек пен көкөністен уланып қалмау үшін …

Ерте піскен жеміс-жидек пен көкөністі сатып алуға асықпаңыз. Cанитария-эпидемиологияны бақылау комитетінің өкілдері құрамында нитрат мөлшері жоғары өнім денсаулыққа кері әсер етіп, уланып қалуыңыз мүмкін дейді.

Мамандар бау-бақша өнімін жайма базардан емес, тексерілген сауда орындарынан алуға кеңес береді. Базардан алғанның өзінде суға салып, жақсылап жуу керек дейді.

Алматыда жыл он екі ай жайма базардың саудасы қыз-қыз қайнайды. Алыпсатарлар көше бойында көбінесе жеміс-жидек пен көкөніс сатады. Мұндай жерде санитарлық талап туралы айтудың өзі артық. “Күнкөріс қамымен жүрміз” деген саудагерлер сатып жатқан өнімдерінің қайдан келгенінен, қалай өсірілгені және қанша уақыт қоймада жатққанынан бейхабар.

Cанитария-эпидемиологияны бақылау комитетінің өкілдері ерте піскен өнімнен сақ болуға шақырады. Құрамында химиялық зат мөлшері шамадан көп жемістен улану қаупі жоғары. Себебі, шаруалар өнімін ерте пісіріп, мол табысқа кенелу үшін түрлі тыңайытқышты көп қосады.

Айнұр Дәулетбаева, ҚР ДСМ Cанитария-эпидемиологияны бақылау комитеті басқарма басшысының орынбасары:

- Ерте піскен жеміс және көкөніс өнімдерінде, әсіресе қызылша, құлпынай, шалғам, қарбызқауындардың нитрат көрсеткіші жоғары болуы мүмкін. Соның салдарынан ауыр нитраттармен улану қаупі туады. Өзінің табиғи пісетін уақытында алып жеген жөн. Соған біз кеңес береміз.

Нутрицологтар адам денсаулығына кері әсер ететін жоғары мөлшерді нитраттардан құтылудың жалғыз жолы өнімді дұрыс тазалау дейді. Мамандар бір литр жылы суға бір ас қасық тұз бен сірке суын қосып, соған жеміс пен көкөністі жарты сағатқа салып қоюға кеңес береді. Сосын таза сумен жақсылап шаю қажет.

Екатерина Исабаева, нутрицолог:

- Нитрат деген азот қышқылының тұзы. Нитраттан нитрит түзілсе, ол қауіпті. Ерте піскен жемісжидек пен көкөністі көрінген жерден алуға болмайды. Сатып алғанның өзінде асықпай тазалау керек. Сондай-ақ, көптеген импорт өнім ұзақ уақыт сақталуы үшін парафинмен қапталады. Оны жақсылап шайып, қабығын толығымен аршып тастаған жөн.

Ал диетологтар нитрат мөлшерін көретін дәл осындай құрылғыны сатып алуды ұсынды. Соның көмегімен тұтынатын өніміңізді өзіңіз тексеріп, зиянды заттың бар-жоғына көз жеткізуге болады. Алайда сатушылардың бәрі мұндай тексріске келісе бермейді.

Елена Мамай, диетолог:

- Мен, бірінші, сатушымен сөйлесемін. Көбі өнімін тексеруге қарсы. Бірақ келісетіні де бар. Олар сатып отырған өніміне сенімді. Біз жеп жүрген жемісжидек пен көкөніс түрлі қала мен алыс-жақын мемлекеттерден жеткізіледі. Импорт тауарлардың бәрі талапты орындайды деп айта алмаймын. Сондықтан сақ болу керек.

Қазір кез келген сауда орнында арнайы зертхана жұмыс істейді. Онда жеміс-жидектегі нитрат көлемін тексеріп, сосын сатылымға шығаруға рұқсат береді. Сондықтан тұтынушылар базарға барғанда алған өнімінің зертханалық нәтижесін талап етуге құқылы дейді мамандар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде