{metadescription}
West Trans Group-M басшысы жүздеген адамды алдаған
West Trans Group-M басшысы жүздеген адамды алдаған

West Trans Group-M басшысы жүздеген адамды алдаған

Ақтөбеде кадрлық агенттіктің директоры қамауға алынды. West Trans Group-M компаниясының басшысы Атырауда салынатын газ-химия зауытына жұмысқа орналастырамын деп, жүздеген адамды алдап соққан.

Жанна Мертешова әр азаматтан төрт жүз мың теңгеге дейін ақша алыпты. Бірақ жеме-жемге келгенде, не ақша, не уәде етілген жұмыс болмаған. Сондықтан алданған азаматтар Атырау қаласында наразылық білдіруге шыққан еді. Олар алты айдан бері не жұмыс, не төлеген қаржысын кері қайтара алмай жүрген. Барлығы да аталмыш компания директоры Жанна Мертешованың есепшотына ақша аударған. Кейін бұл агентікке алданғандар саны арта түсті.

Дәл қазір Атырау мен Ақтөбеден бөлек, Астана, Түркістан, Орал, Маңғыстау облысының тұрғындары алдандық деп арыз жазып жатыр. Тәртіп сақшылары компания директорына қатысты алаяқтық бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын хабарлады. 

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- ҚР ҚК 19 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде