{metadescription}
Жамбыл облысында 70 миллионға төселген жолдың тас-талқаны шыққан
Жамбыл облысында 70 миллионға төселген жолдың тас-талқаны шыққан

Жамбыл облысында 70 миллионға төселген жолдың тас-талқаны шыққан

Жамбыл облысында 70 миллион теңгеге төселген тас жол екі жыл өтпей жатып тас-талқаны шықты. Жергілікті халық қазір ойдым-ойыдымы шыққан асфальтпен қатынауға мәжбүр. Бұқара бұл жағдайға мердігердің ісіне бақылау жасай алмаған билік өкілдерін айыптайды. Ал шенеуніктер өзіне шаң жуытпай отыр. 

- Мына тас жол екі жыл бұрын ғана төселген. Қазір әр жері шұрықтесік. Жергілікті тұрғындар құрылыстың сапасыз жүргізіліп жатқанын о баста айтып дабыл қаққанбыз дейді. Бірақ ол уәжге бас ауыртқан ешкім болмапты

Өмірбек Өсербек, Талас ауданының тұрғыны:

- Толық сүріліп алынып тасталған асфальт қой. Енді істелген асфальттың нәтижесі осы болып тұр. Талқаны шығып, машинамыз қүртылып жатыр. Таразға барғанша сақырсұқыр.

Бұл бірнеше ауылды Таразбен байланыстыратын жалғыз төте жол. Ұзындығы 11 шақырымнан асады. Құрылысқа жұмсалған қаражат 70 миллион теңге. Наразы жұрт бұл ақша желге ұшты деп есептейді.

Нұржан Әлсейіт, Талас ауданының тұрғыны:

- Жолақтарының енін қараңыз, екі машина зорға сияды. Үлкен жүк көлігі келсе, жолдың шетіне шығып кетесің.

Сапа орталығы асфальттың тығыздығы мен қалыңдығы талапқа сай емес деген қорытынды шығарған. Ал атқарушы билік бір-бірін айыптаумен әлек. Сөздерінше, бұл жағдайға тас жолды салған мердігер мен бұрынғы әріптестері кінәлі.

Еркін Әлтішев, Талас ауданы ТКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Сот шешімі шығып, “Жандос және Компания ЖШС жосықсыз деп танып, ол компания қазір жұмыс істемейді. Оны енді кезіндегі бөлім басшысы қабылдаған. Ол бөлім басшысы қазір жұмыста жоқ. Әлі ол жерде, менің естуім бойынша, тергеу жүргізіліп жатыр.

Шенеуніктер ой-шұқырлы жолды қалпына келтіреміз деп сендіреді. Жуырда аудандық маңызға ие төрт жолды жөндеу жоспары бар. Тізімде дау шыққан «Ерназар-Қойгелді» тас жолы да бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.