{metadescription}
Түркістан облысында бірнеше ауыл жарықсыз қалған
Түркістан облысында бірнеше ауыл жарықсыз қалған

Түркістан облысында бірнеше ауыл жарықсыз қалған

Түркістан облысында бірнеше ауыл жарықсыз қалды. Сайрам ауданында екпінді жел соғып, электр желілерін зақымдаған. Соның салдарынан тұрғындар жарықпен қоса, ауыз судан да ажыратылды. Өйткені су шығаратын насостар істен шыққан.

Енді “қондырғыны жөндеуге қаржы жоқ” деген шенеуніктер халықтан ақша сұрап жатыр дейді тұрғындар. Су мен жарық жиі өшетін болған соң, жастар жаппай үлкен қалаларға кетіп жатыр екен. Сондай ауылдардың біріне КТК тілшісі барып келді.

Сайрам ауданындағы Әйтеке би ауылында жарық екі күннің бірінде өшеді. Себебі: электр желілерінің біразын тұрғындар өз бетінше тартып алған. Үп еткен жел тұрса, сымдар үзіле береді. Тұрғындар күнара жарықсыз қалатын ауылды тастап, өзге өңірлерге кетіп қалған.

Орал Жүнісов, Сайрам ауданының тұрғыны:

- Жел соққан сайын ауылда жарық жоқ. Мүлдем жоқ, жарық бар кезде күші жетпейді. Үтік пен тоңазытқышты бірге қоссаң,  жарық өшіп қалады ол. Жарықтың ақшасын үштөрт үй бірігіп, бір есептеуішке төлейміз, бастан қай жерден тарттық, сол жердегі есептегіш құралға. Ал су әлі келген жоқ қой, оның несін төлейміз. Су жоқ, жарық жоқ, жақын туыстары барлар кетті. Енді жақын туысы жоқтар отырмыз, енді өстіп, бірліжарым.

Ауыл халқының ауызсусыз отырғанына екі аптаға  жуықтапты. Себебі жиі сөнетін жарықтың кесірінен су соратын насос күйіп кеткен. Енді оны жөндеу үшін әр отбасы 15 мың беруі керек екен. Алайда тұрғындар соқыр тиын ұстатпаймыз дейді.

- Біресе жарықтан көрді, біресе насостан көрді. Әйтеуір амал таусылған жоқ, осы ауылдың амалы таусылмай жатыр да. Он күннен бері мүлдем су жоқ. Екі аптадай болды.

Сондықтан тұрғындар суды алыс жақыннан алдыртып ішуге мәжбүр.

Бұл ауылға су таситын көлік аптасына бір мәрте келеді. Үш тоннаға да жетпейтін суды бөшкелермен шұңқырларына құйып алады. Басқа тіршілік көзі болмаған соң, амал жоқ, лас суды пайдалануға мәжбүр.

Лас сумен кір-қоңын жуып, өздері де жуынады. Ал ас-ауқатқа сүзгіден өткізіп пайдаланады екен. Сайрамдағы коммуналдық салаға жауаптылар үш ауылда кешелі бері жарық жоқ екенін айтады. Олқылықты жою үшін “үш бригада тынбай жұмыс істеп жатыр” деген шенеунік бүгіннен қалдырмай жарық пен суды қосуға уәде берді. Сондай-ақ бұл ауылдың мәселесін биылдан қалдырмай түпкілікті шешпекші.

Баймырза Бейсенбаев, Сайрам ауданы ТКШ бөлімінің басшысы:

- Смета құжаттарын дайындадық, 38 миллион шамасында болды. Оны осы алдымыздағы мамыр айында болатын сессияға ұсынамыз. Осы сессияда депутаттар толық қолдап отыр. Алдын ала біз дайындаған құжаттарды ұсындық.

Қаңырап тұрған ауылда жыл соңына дейін электр бағаналары орнатылып, су мен жарық үздіксіз беріледі дейді шенеуніктер. Жергілікті жұрттың бұл уәдеге сенуден басқа амалы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.