{metadescription}
Түркиядағы алғашқы атом электр станциясының ерекшелігі
Түркиядағы алғашқы атом электр станциясының ерекшелігі

Түркиядағы алғашқы атом электр станциясының ерекшелігі

Атом энергиясын бейбіт мақсатта қолданатын мемлекеттер қатары артты. «Аққұю» АЭС-на “Росатом” ядролық жанармайдың алғашқы партиясын жеткізді. Бірақ нысанның құрылысы әлі толық аяқталмады. Қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Түркиядағы алғашқы атом электр станциясының ерекшелігі неде?

- Мыңдаған шақырымды артқа тастап Түркияға келуіміздің себебі де оcы. Жерорта теңізіне тамсану үшін емес, соның дәл жағасында салынып жатқанАққұюқұрылысы үшін. Бұл атом электр станциясы құрылысының арасындағы әлемдегі ең үлкені болып саналады. Себебі де бекер емес. Нысанның жалпы аумағы 10 шаршы шақырым. Яғни мұнда бақандай 1100 футбол алаңы емінеркін сыйып кетеді.

 «Аққұю» Түркияның тұңғыш атом электр станциясы. Мұнда бір мезетте 4 энекргоблок тұрғзылып жатыр. Жалпы қуаты 4800 мегаватт. Төртеуінің жылына шамамен 35 миллиард киловатт-сағат электр энергиясын өндіретін күші бар. Осылайша елдегі электр мұқтаждығының 10 пайызы қамтылады деп отыр. Әлемдік тәжірибеде бұл өте көп.

Нысанда құрылыс қызу жүріп жатыр. Мұнда 25мыңға жуық жұмысшы бар. Техника саны 1300-ден асады. Нысанды уақытында тапсыру үшін бәрі бірдей үзіліссіз, дамылсыз жұмыс істеуде.

Құрылысты Түркия мен Ресейдің арасында 2010 жылы қол қойылған үкіметаралық келісімге сәйкес «Росатом» корпорациясы жүргізуде.

Денис Сеземин, «Аққұю Нуклеар» АҚ Өндірісті ұйымдастыру және құрылыс бойынша директоры:

- Түрік мемлекеті атом электр станциясын салуға рұқсат бермес бұрын, қоғамдық талқылау өткізді. «Аққұю» атом электр станциясының қоршаған ортаға, яғни аймаққа да, Жерорта теңізіне де еш зиянын келтірмейтіні дәлелденді. Түркия және Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес барлық қажет қауіпсіздік шарасы ескеріліп қабылданды.

Атом электр станциясы десе, әлем тарихындағы алапат апаттар еріксіз еске түседі. Нақтырақ айтсақ, мыңдаған адамның өмірін қиған Чернобыль мен Фукусимадағы жарылыс. Компаниядағылар осы екі станциядағы кемшіліктер ескерілді деп отыр.

Сергей Буцких, «Аққұю Нуклеар» АҚ бас директорының орынбасары:

- Кепіл беремін. Біріншіден, біздің реакторлардың құрылымы Чернобыльдағы станциядан мүлдем өзгеше. Мұнда су типті реакторлар бар. Бұл қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейі. Орнатылған қосымша қауіпсіздік жүйесі Фукусимадағы, Чернобыльдағы  оқиғаны болдырмайды.

Екі елдің басшыларының рұқсатымен ядролық жанармайдың алғашқы легі өткен аптада Ресейден әкелінді. Энергоблоктардың құрылысымен қатар, Түркия тағы екі электр станциясын соғуды жоспарлап отыр.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

- Еуроодақ электр энергиясының 25 пайызын атом энергиясынан алады. Өткен жылы Еуропалық комиссия ядролық энергияны "жасыл энергия" ретінде қабылдап, бұл мәселедегі екіұштылықты жойды. Біз “Аққұюмен” елімізді осы өзгерістердің бір бөлігі еттік. Жобамызды қолдаған Путин мырзадан бастап, Ресей Федерациясының билігіне алғыс білдіргім келеді.

Биыл енді тек бір энергоблок іске қосылады. Ал толықтай 2028 жылға дейін аяқталады деп күтіліп отыр. Жалпы «Аққұю» атом электр станциясы екі елге де пайдасын тигізетіні сөзсіз. Бірінші – энергия тапшылығын тудырмауға септігін тигізсе, екінші – Түркия мен Ресей арасындағы экономикалық байланысты нығайтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде