{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаев қоры Қостанай облысындағы зағиптар бірлестігінің түйткілін шешіп берді
Нұрсұлтан Назарбаев қоры Қостанай облысындағы зағиптар бірлестігінің түйткілін шешіп берді

Нұрсұлтан Назарбаев қоры Қостанай облысындағы зағиптар бірлестігінің түйткілін шешіп берді

Қостанай облысындағы Соқырлар қоғамы бірлестігінің ғимараты 50 жылдан бері жөндеу көрмеген. Мүмкіндігі шектеулі жандар өзі паналап отырған үйдің азып-тозғанын айтып талай жерге хат та жазған. Алайда көмек қолын созуға ниеттілер табылмапты.

Нұрсұлтан Назарбаев қорының Қостанай облысындағы күндері аясында өңірдегі белсенді үкіметтік емес ұйымдарға арнайы гранттар табысталып, зағиптар бірлестігіне де көмек бұйырды. Үш күнге созылған жоба аясында түрлі бағытты қамтыған 22 іс-шара өткізілген.

Соқырлар қоғамы бірлестігінің Қостанай облысындағы филиалы талай жылдан бері осы ғимаратты паналап келеді. Жарты ғасыр жөндеу көрмеген үйдің қазіргі сиқы кісі шошырлық күйде. Қос жанарынын айырылған жарымжандар қорқынышты картиналарды көзбен көрмесе де, қабырғалардың бүгін-ертең құлауға шақ тұрғанын көңілмен сезбейді емес.

Нұрсұлтан Назарбаев қорының Қостанай облысындағы күндері аясында өңірде белсенді Үкіметтік емес ұйымдарға екі жарым миллион теңгенің екі гранты табысталды. Облыстық әкімдіктің ұсынысымен қордың қаржылай көмегі Саңыраулар қауымдастығы мен Зағип жандардың қоғамдық бірлестігіне бұйырды. 700-ден астам бірінші және екінщі топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың басын біріктіріп, айрандай ұйытып отырған Хамит Есмұратов көмектің қайбір түрі дәл қазір көңілімізге медеу дейді. Себебі: бүгінге дейін ғимаратты жөндеуге ақша сұрап бармаған жері, қақпаған есігі қалмаған.

Хамит Есмұратов, Қостанай облыстық соқырлар қоғамының басшысы:

- Ең біріншіден, Қорға үлкен рахметімізді айтамыз. Соқырлар зағиптардық атынан. Екіншіден, көптен бері күткен көмек. Біздің облыстық филиалдың жағдайы нашарлау. Біраздан бері сол әрбір қоғамдарға көмек ретінде хат та жібердік. Бүгін, міне ,тамаша болды. Алла жазса, жазда әдемілеп жөндеу жұргіземіз.

Дәрістер мен шеберлік сағаттары облыста үш күн қатарынан жалғасты. Осы аралықта бас-аяғы 22 шара ұйымдастырылған. 15-ке жуық өз ісінің кәсіби шебері жастарға дәріс оқыды. Олардың арасында Нұрсұлтан Назарбаев қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов та бар. Ол өңірдегі заң мен құқық саласының өкілдерімен бірге Қазақстанның конституциялық-құқықтық дамуы туралы пікір алмасты.

Айта кету керек, оқушылар мен жастарға, жалпы білім саласына жан-жақты қолдау көрсету қордың негізі мақсаттарының бірі. Мұғалімдерге арналған спорттық робототехника, саясатты зерттеуде қолданылатын заманауи пәнаралық бағыттар мен әдістер, одан қалды ғылыми үрдістерді зерттеу, әдебиеттерге шолу һәм мета шолулар үш күн аралығында ұстаздар мен студенттердің білім көкжиегін кеңейтті.

Гүлім Асқарқызы, «Ел үміті» корпоратив қорының балалар мен жастарды дамыту диагностикасын енгізу орталығының басшысы:

- Қостанай облысында кешеден бері біздің қордың балаларға арналған біздің білім саласындағы жобалармен таныстырып жатырмыз. Қабілет жобасы болды, балаларды диагностикадан өткізу және дамыту. Және мұғалімдерге арналған “Смарт ұстаз” деген бағадрлама болды. Бірге оқыту деген онлайн платформасына қатысып, балаларды оқыту қосымша сабақтары да өткізілді.

“Жоғарыда аталған іс-шаралар өңірдің инттелектуал әлеуетін арттыруға қосқан үлесіміз” - дейді Қордың атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы. Жобалардың арасындағы ең шоқтығы биігі ерекше балаларға арналған оңалту орталықтары екенін атап өтті. Алдағы уақытта еліміздің әр өңірінде бірнеше инклюзияны дамыту орталықтары ашылмақ.

Әлкей Марғұланұлы, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары:

- Бұл жұмыс одан әрі жалғасады. Бұл тек жұмысчтың бастауы. Қостанай облысының әлі де болса әлеуметін көтеру жағынан біз бір-екі жобаға қолдау көрсету жөнінде келісімге келдік, облыс әкімімімен. Қостанайдан кейін 36 облысты өзіміз мақсат етіп отырмыз. Олармен әлі жұмыс барысын пысықтаймыз. Ол Атырау облысы, Ақтөбе және Шымкент қаласы.

Үш күнге созылған ауқымды жоба мерекелік нотада қорытындыланды. Осыған дейін Қор сыйлығының лауреаттары атанған, халықаралық байқаулардың жүлдегерлері, Қазақстанның өнер жұлдыздарының қатысуымен Қостанай тұрғындарына концерт ұйымдастырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде