Ақтөбеде мың бала бір мезетте Құрманғазы күйлерін орындады
Мереке қарсаңында Ақтөбе аспаны күмбірлеген күйге бөленді. Мың бала бір мезетте Құрманғазының «Адайы» мен «Балбырауынын» нақышына келтіре орындады.
Автор: Жаңалық Ахаш
01.05.2023
Мың баланы қала мектептерінен бір апта бойы іріктеген. Көбісі домбыра үйірмесіне баратын оқушылар. Қос күйді бәрі бірге қосыла орындау үшін біраз дайындалған.
Ал қаланың қақ ортасындағы Өнер орталығы алаңында мың баланы белгілі өнер танушы Әбділхамит Райымбергенов пен күйші Жайлау Асылханов бастап сүймелдеп отырды. Домбыраның қос ішегінде шебер ойнайтын өзге ұлт өкілдерінің он баласына мейрам қарсаңында домбыра тарту етілді.
- Бүгінгі болып жатқан ел бірлігі домбыра, үкілі домбыра болып жалғаса берсін. Балаларымыз үкілі домбыраны қолдап, жалғастыра берсін. Бақытты болсын. Елімізге бақыт сыйлаймын. Отанымыз аман болсын!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!