Алматыда 1 мамыр мерекесіне субұрқақтар қосылды
Алматыда 1 мамыр мерекесіне субұрқақтар қосылды. Қалада 150 субұрқақ бар.
Автор: Қажығұмарова Толғанай
01.05.2023
Субұрқақтар таңғы 8-ден түнгі 11-ге дейін жұмыс істейтін болады. Шаһар қонақтары мен тұрғындарға құлаққағыс: субұрқақтарда шомылуға қатаң тыйым салынған. Ол үшін ескерту жазбасы бар қалқандар орнатылды.
Субұрқақтардың тек 86-ы қала қарамағында болса, қалғаны жеке коммуналдық меншікте. Көбі өткен ғасырдан бері жұмыс істеп тұр. Дегенмен,техникалық жағдайы жақсы. Қазіргі олардың тек бесеуі жөндеуге жабылған.
Ақбота Мырзалиева, «Эко-Алматы» ЖШС директоры:
- Былтыр 25 маусымда ашылған еді. Биыл 1 мамырда ашуға шешім қабылданды. Өйткені ауа райына және мерекеге байланысты қала тұрғындары үшін ашылды. Ең үлкені “Қазақстан” қонақ үйінде, көбі Кеңес заманынан бері сақталған. Субұрқақтардың ішіндегі ең қызықтысы — Зодиак белгілері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!