{metadescription}
Автонесие:  Көлік құнының 15 пайызы алғашқы жарна ретінде талап етілуі мүмкін
Автонесие:  Көлік құнының 15 пайызы алғашқы жарна ретінде талап етілуі мүмкін

Автонесие: Көлік құнының 15 пайызы алғашқы жарна ретінде талап етілуі мүмкін

Төрт пайыздық несиемен темір тұлпар тебемін деушілерге жаңа талаптар дайындалып жатыр. Енді таңдаған көлік құнының 15 пайызы алғашқы жарна ретінде талап етілуі мүмкін. Сонымен қатар, автомашина тізгіндеген барлық қазақстандықтардың аты-жөні көпшілікке жарияланады.

Өйткені кімнің алып жатқаны, жасырын болмау керек. Ал көпті күттірген төрт пайыздық несие жақын арада қайта басталады.

Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Айына шамамен бір миллиардтай ақша қайтарылып отыр, ол жүз машинаға жетеді. Қазір осы уақытқа дейін 4 миллиардтай ақша қайтарылды. Ол шамамен 400 машинаға жетеді, ең көп дегенде. Біздің ойымыз енді бағдарламаны жариялағанда 500 машинадан астам болғанда, яғни бес миллиардтай ақша қайтарылғанда содан соң жариялаймыз деп отырмыз.

Министрдің сөзінше, револьверлік жүйемен ақша жиналса, бір айдан кейін жеңілдетілген автонесие қайта жанданады. Үш айда құралған сома қайта айналымға түседі. Оған дейін автонесие жүйесіне жаңа өзгерістер енгізілмек. Мысалы, алатын көліктің он бес пайызын төлеу міндеттеледі. Бұрын құны 15 миллион теңгеге дейінгі машинаны сатып алуға мүмкіндік берілетін. Қазір құны қымбаттап кеткен кейбір кроссоверлерді де осы бағдарлама аясында несиеге беру мәселесі қарастыралды. Ал ең бастысы, енді несиеге ілігу-ілікпеуіңіз жалақыңызға байланысты. Өтініш берушінің жалақысы жоғары боп, жеңілдетілген несиесіз-ақ көлік сатып алатын жағдайы бар деп танылса, бұл бағдарламадан үмітін үзе берсе болады.

Марат Қарабаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Белгілі бір жалақыны белгілейміз, сол жалақыдан кім одан жоғары жалақы алатын болса, ол кісілер, мысалы, автонесиеге қатыса алмайды. Тек қана белгілі бір жалақыдан төмен болған. Яғни көбірек былай мұқтаж кісілерге арналған жасаймыз ба деп отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде