{metadescription}
Көкшетауда жылу орталығын салатын компания табылмай жатып
Көкшетауда жылу орталығын салатын компания табылмай жатып

Көкшетауда жылу орталығын салатын компания табылмай жатып

Көкшетауда жылу орталығын салатын компания табылмай жатыр. Жоба құны 280 миллиард теңге тұратын нысанға энергетика министрлігі биыл екі рет тендер жариялаған. Алайда инвесторлар табылмаған. Енді уақыт өтіп кетіп, техникалық-экономикалық негіздемесін қайта әзірлеу керек.

Айдос Дәрібаев, ҚР Энергетика министрлігінің департамент директоры:

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2021 жылы осы Көкшетауда ТЭЦ салу жөнінде жұмыстар қарқынды басталған болатын. 2021 жылы ТЕО ны Ақмола облыстық әкімшілігі дайындаған. Қазір енді әрине бағалар өзгеріп жатыр.Сондықтан қазіргі таңда біздің алдымызда тұрған мақсат ТЕО-ны қайтадан жаңалату,бағаны қайтадан есептеу.

Аудандық қазандыққа қарап отырған 170 мың көкшетаулық әр қысты әупірімдеп өткізеді. Ал қаңтар мен наурыз айында жариялаған тендерде жеңімпаз анықталмаған. Енді жаңа техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін тағы да сараптама тағайындалған. Яғни, құны 280 миллиард теңге тұратын нысан бұдан да қымбаттайды деген сөз. Ал Көкшетаудың 50 жыл болған ескі  қазандығын қыстан шығу үшін әкімдік қыруар қаржы жұмсап, жамап жасқап келеді. Өткен жылы бюджеттен жөндеу жұмысына 2,5 миллиард теңге жұмсаса, биыл бес жарым миллиард теңге қажет деп отыр.

Бауыржан Ғайса, Көкшетау қаласының әкімі:

- Жыл сайын шығынға белшеден батамыз. Қала өркендеп өсіп келеді. Жылу жеткізу үшін 15-25 гигакалорий қосуға тура келеді. Қазір мазут қымбат. Мәселен, өткен жылу маусымында 9 миллиард жұмсалса, тұтынушылардан 4 миллиард 200 миллион теңге ғана қайтты. Осыдан-ақ, көруге болады, жылу электр орталығының бізге ауадай қажет екенін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.