{metadescription}
Марат Қарабаев: 2025 жылдың соңына дейін ауылдар сумен қамтылады
Марат Қарабаев: 2025 жылдың соңына дейін ауылдар сумен қамтылады

Марат Қарабаев: 2025 жылдың соңына дейін ауылдар сумен қамтылады

Елімізде мыңнан астам ауылда ішетін таза су жоқ. Талай жылдан бері қыруар қаражат пен небір ұлттық жобалардың күші жетпеген мәселені индустрия министрлігі небәрі екі жылдың ішінде біржақты етеміз деп отыр.

Яғни 2025 жылдың соңына дейін ауылдар түгелдей тіршілік нәрімен қамтамасыз етіледі дейді Марат Қарабаев. Министр Үкімет отырысында ел бойынша 6 295 ауылдың 4 900-і ауызсуға зәру емес екенін айтты. Ал оның 963-і халық саны аз елдімекендердің қатарына жатады. Оларға бюджет қаражатының есебінен кешенді блок модульдер орнату көзделген.

Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Бүгінгі күні жерг.ілікті атқарушы органдар жобасмета құжаттамасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаражат қарастыруды және сараптама қорытындысын алғананн кейін одан әрі қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім беруі қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру жергілікті атқарушы органдардың жергілікті жерлердегі бірлескен және үйлесімді жұмысына тікелей байланысты. Әкімдіктер халықты 100 пайыз қамтамсыз етуі үшін жергілікті бюджет есебінен орталықтандырылған сумен жабдықтау және су арналарының өндіріс процесін автоматтандыру құрылысы бойынша жоба-смета құжатын сапалы әзірлеуді аяқтау қажет.

Премьер-министр жауапты ведомстваның алдына 2025 жылдың соңына дейін халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етіңдер деп меже қойды. Қазір бұл көрсеткіш қалаларда 98%, ауылдық жерлерде 94 пайызды құрайды. Әлихан Смайыловтың сөзінше, өкінішке қарай, тұрғындар суды үнемдегісі келмейді. Қазірден бастап осы мәселені бір жүйеге келтіруді тапсырды. Себебі, Қазақстан 2050 жылға қарай су тапшылығына тап болуы мүмкін. Сондай-ақ қысты күні жылу құбырлары шенеуніктердің ұйқысын қашырса, жаз шыға, өңірлердегі магистральдық құбырлар бірінен соң бірі сыр беруде. Премьер құбырдың жарылуынан бірнеше күн сусыз отырған Балқаш қаласын мысалға келтірді. Одан қалды Абай облысында да су мұнарасы құлап, жергілікті тұрғындар суды тасып ішуге мәжбүр болды. Семейде де су арнасындағы апаттан 70-тен астам үй тіршілік нәрінен тарығып қалды дейді ол. Және де мұның барлығы бір айың ішінде болған.

Зүлфия Сүлейменова, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

- Астана қаласын сумен қамту маңызды мәселе. Ағымдағы жылы елордаға тұрақты су беру үшін министрлік әімдікпен бірлесіп үш жобаны қарастыруда. Біріншісі “Астана су” қоймасын толықтыру үшін құрылыс салу бойынша жобасмета әзірленуде. Жоба Сәтпаев атындағы арнадан Есіл өзенінің арнасына өткізу бейінін тазарту мен және қалыптасырумен және одан астана су арнасы сорғы станциясының алаңына дейін тіреуіш қоршау құрылысын және су құбырын сала отырыып, арнаға су беруді көздейді. Құрылыстың болжамды берзімі 23-25 жылдар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде