{metadescription}
Ақтауда тұрғындарға да, жасыл делекке де су жетпей жатыр
Ақтауда тұрғындарға да, жасыл делекке де су жетпей жатыр

Ақтауда тұрғындарға да, жасыл делекке де су жетпей жатыр

Ақтауда су тапшылығы расымен қатты сезіле бастады. Тіршілік нәрі тұрғындар емес, жасыл желекке де жетпей жатыр. Сондықтан қаланы сумен қамтитын «МАЭК» комбинаты енді тал-теректерді суғаруға су бермейтін болды. Ақтау қаласының әкімдігі көшелер, саябақ пен жасыл желекті әзірге қыста жинаған сумен суармақшы. Ол таусылса, жерасты суын пайдалануды жоспарлап отыр. Ал әуежайға баратын жол бойындағы ағаштарды тазартылған кәріз суымен нәрлендірмек. Айбек Ербөлеков , ЖШС директоры:

- Қыста қала аумағында жерасты суымен суаруға ыдыс салдық. Көлемі 750 текше метр су мөлшері сиятындай. Қазіргі таңда шағын аудандардың ішін, периметрлерін солармен суаруға жұмыс істеп жатырмыз. Оның барлығын арнайы техникамен тасимыз. Тазартылған сумен тек Ақтау әуежай жолында 2020 жылдан бері суарған. Қазір өзіміздің тиісті насостарымызды қойдық. Соның екі жағына КОС-тың суымен суарып отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде